Біз кедейлер ғой "жоқ" деуге ұялып, қатты тыраштанатын...

24 мамыр 2022, 15:05

Әлі қолға тимеген ақшаны жаратып қою - міне, кедейді ешқашан байытпайтын ең бірінші нәрсе осы екен.
Мойындайсыздар ғой, "айлық алсам бүйтер едім, сүйтер едім" деген жоспарлар өз алдына, уже қарызға қанша дүние жасалып не алынып қояды ғой? Яғни, біз ауадағы ақшаны жаратып қоямыз да, келген ақша соның орнына ауаға кетеді. Содан жүргеніміз: "байлық - қолдың кірі ғой", - деп өзімізді-өзіміз жұбатып.
Сосын тағы қателігіміз - бай адамдарды жек көру. Ол саған ештеңе істемесе де, ішіңнен соған кіжініп тұру. Әрине, өзің солай қараған соң, ол саған күле қараса да жақпайды - мысқылдап тұр немесе неге өтірік күліп тұр деп. Серьезно қараса да жақпайды - "неге өзінше боп тұр?" - дейміз. Ал шын мәнінде, ол сіз жөнінде абсолютно ештеңе ойламайды. Ему не до нас. Жай ғана оның сол сәттегі көңіл-күйіне қарап бәрін ойдан құрастырып алатын өзіміз.
Біз ойлаймыз, сықиып киініп, талтаңдап жүрсем, бай көрінем деп. Негізінде онымен біз өзіміздің кедей екенімізді одан сайын айқындай түсеміз. Себебі нағыз бай адамдар өте қарапайым киініп, көпшіліктен барынша ерекшеленбеуге тырысады. Өйткені онда өзінің байлығын дәлелдеуге деген ешқандай қажеттілік жоқ. Кедей адам секілді ол өзін қораш сезініп, соны көрсетпеу үшін "сыртқы жүнін қомпайтпайды" . Бар ма - бар, жоқ па - жоқ. Біз кедейлер ғой "жоқ" деуге ұялып, қатты тыраштанатын.
Ал егер осыны ертелі-кеш мойындап, өз қателігімізбен жұмыс істер болсақ, баю жолына түсуге әбден болады. Шекеміз шылқып байып кетпесек те, қолдағы барды дұрыс ұқсатуды үйренуге. Мен мұны ең бірінші өзіме айтып тұрмын, егер сізге пайдасы тисе, қанекей?!.
Дегенмен, Сіз не алып-қосар едіңіз?

Mәриям Әбсаттар

facebook.com парақшасынан