Сен тұр - мен айтайын!

Біз өкінішке қарай ішкі мазмұнды көп жеңілдетіп алған секілдіміз...

  • Біз өкінішке қарай ішкі мазмұнды көп жеңілдетіп алған секілдіміз...

    Біз өкінішке қарай ішкі мазмұнды көп жеңілдетіп алған секілдіміз...

"Әлихан Бөкейханның Бутырка түрмесіндегі соңғы суретін әлеуметтік желілерден көрген сайын қандай да бір себеппен кідіріп, құр сүлдері, азап пен қорлықтан қажыған қан-сөлсіз жүзіне, камераның линзасына тіке қараған өткір, бірақ үмітсіз көздеріне ұзақ қараймын. Бір сәтте аяныш сезімі жанымды баурап, көзімнен жас саулап қоя береді. Француз ойшылы Ролан Барт Camera Lucida мақаласында айтқан Punctum деген осы болса керек: асыл ағамыздың мән-мағынасыз саясат озбырлығы алдындағы дәрменсіздігі жарық пен оптика сиқыры түйіскен сәтте мәңгілікке жазылып қалыпты"-деп жазған еді кезекті бір мақаласында интеллектуал Зәуре Батаева апайымыз. Рас, ер қадірін білетін басқалай мәдениетті елде дәл осы сурет үшін қаншама проза мен поэма циклі жазылған болар еді. Қазақтың аталы сөзі "ат арыса - тулақ, ер арыса - аруақ"-дейді. Біз үшін, қайыра айтайық тек біз үшін ел арысы осындай кепке түсті. АЛ, БІЗ БҰЛ АДАМҒА НЕ ІСТЕЙ АЛДЫҚ? Кешелі бері біраз азаматтар марапатқа ие болып жатыр екен. Құтты болсын. Әрине, сыйлық алған жақсы ғой. Бірақ, ішкі мазмұн сәйкес келе ме, мәселе сонда. Егер шындап келсек "Парасат", "Құрмет", "Елге еңбек сіңірген" ұғымдарының ең үлкен эталоны да осы кісі ғой. Ал біз ше? Біз өкінішке қарай ішкі мазмұнды көп жеңілдетіп алған секілдіміз. Мұны енді әркім өз ар-ұятына төрелетсін...

Төрелік етердей бір "шай қасық" ұяты егерде қалған болса...

Ықылас Ожайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 956    Пікірлер: 0

жұма, 13.12.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31