Сен тұр - мен айтайын!

Біз ойланбай оларға тоналып жатырмыз

  • Біз ойланбай оларға тоналып жатырмыз

    Біз ойланбай оларға тоналып жатырмыз

Екі қазақ бір-біріне ақша беру үшін көп жағдайда не Ресейлік орыс, не Украиндық хохол арқылы төлейді. Мысалы сіз маған «Киви кошелек» сервисі арқылы 1000 000 теңге аударсаңыз 5% ын, яғни 50 000 теңгесін Ресейліктерге бересіз!! НЕ ҮШІН? Біз ойланбай оларға тоналып жатырмыз! Неге осындай сервисті қазақтарға жасамасқа? Ақша елімізде қалар еді ғой?

Бір қазақ бір жерге жету үшін екінші қазақ таксисті шақырса төлеген сомасының 20% ын Яндексті ұстап отырған Ресейлік орысқа төлейді! Неге? Неге өзіміз ашпаймыз Юбер сияқты, Яндекс такси сияқты сервистерді? Бір қазақ екінші қазақтан OLX арқылы бір зат сатып алу үшін Британдық ағылшынға ақша төлеп барып сатып алуға мәжбүр.

▪Колесо кз, Крыша кз, Маркеттен бір зат салып алу үшін грузин мен кәріске ақша төлеуің керек.

▪Әрине олар «молодцы» пысық, білімді. Бірақ біз сорлап жатырмыз ғой.

Осы сияқты заманауи құралдарды меңгеріп, елімізде дамып жатқан компаниялардың қарасаң артынан бір де бір қазақ көре алмай дал боласың! Бәрін басқаларға беріп, солардың қолында жұмыс істейтін жалшыға айналамыз бара бара!

Қазақ жастары шырылдауық шегірке сияқты ән салатын әнші болғанша, қораздар сияқты төбелесетін боксер болғанша заманауи технологияны, айтиді меңгеріп, бизнесті меңгеріп елімізді қорғаулары керек!

️Жас ұрпақты осылай қарай тәрбиелеңіздер! Мен де Казсауда деген портал ашып, OLX ке конкуренция жасамақшы болдым. Бірақ әзірге шамамыз жетпей жатыр, бірақ түбі жасаймыз деген арманым бар.

Сіз не істеп жатырсыз?

⠀Менің көтеріп отырған мәселеммен бүкіл халыққа және мемлекет басшылары айналысуы керек деп ойласаңыз белгісін қойып, өз ойыңызды жазып кетіңіз.

Ахметбек Нұрсила, кәсіпкер

www.facebook.com




Көрілген: 1604    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 22:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31