Сен тұр - мен айтайын!

Біз өз елімізде әлі қанша жыл (ғасыр) екінші сорттағы ұлт боламыз?

  • Біз өз елімізде әлі қанша жыл (ғасыр) екінші сорттағы ұлт боламыз?

    Біз өз елімізде әлі қанша жыл (ғасыр) екінші сорттағы ұлт боламыз?

Біз өз елімізде әлі қанша жыл (ғасыр) екінші сорттағы ұлт боламыз???


Қандай жалған ұрандарыңыз бар, айта беріңіз бәрін. Пішту. Біз әлі өз елімізде, Тәуелсіз Қазақстанда екінші сортты ұлт екенбіз. Сыйламайды екен Қазақты. Бұл қашанға дейін жалғаспақ? Ата Заңымызды, Мемлекеттік Тілімізді, Қазақ тілін, құрметтемейді екен. Соған көзім анық жетті бүгін.


Бір сағаттай бұрын Темирязов пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы "Боня" дүкеніне бас сұқтық досымыз екеуміз. Су алмақпыз. Досым "бес мың теңгеге майдаңыз бар ма еді?" деп сұрағаны сол еді, дүкенші аждаһадай атылып шыға келді.

- Орысша сөйле, мен қазақша түсінбеймін! (Таза қазақша айтты. Бірақ ендігі орысша сөздерін қазақша берейін)

-Кешірерсіз мен орысша түсінбеймін, қазақша айта беріңізші, - деді досым.

- (орысша) Мен неге қазақша сөйлеуім керек? Сенің қазақша сөйле деуге хақың жоқ. Үлкенге қалай-қалай сөйлейді жап-жас болып. Қазақтарды түк ұнатпаймын. Тарихты дұрыстап оқыңдар, сендерді Сталин қырған жоқ, өздеріңді өздерің қырдыңдар. Шеттеріңнен жағымпаз, шеттеріңнен жемқор, шеттеріңнен диктатор, тәрбие көрмегенсіңдер. Надансыңдар! Ақымақсыңдар! ҚАСЫҚТЫ ҚАЛАЙ ҰСТАУДЫ ДА БІРЕУ ҮЙРЕТТІ СЕНДЕРГЕ, НАДАНДАР! Маған келіп әңгіме айтуын қара! Өздерің сөйлеңдер қазақша, маған түкке керегі жоқ. Бес тиынға татымайсыңдар! Қара бұны!


Досымның боқтайын деп тұрғанын сезіп, түртіп жібердім. Артымыздан әп-әдемі орыс қызы келген. Дүкенші соған қарап, мүлдем өзгеріп кетті. Бүй дейді:

-Міне, мына орыс қызды құрметтеймін. Сондай әдемі, тәрбиелі, ибалы қыз. Орыстың менталитеті ғой. Сендер болсаңдар, жап-жас болып қазақша сөйле дейсіңдер!


Қаным қарайып кетті! Ішімнен өлтіріп тұрып бір боқтап алдым да:

- Тіліңізді тартып сөйлеңіз, тарихты сізден жақсы білеміз. Заңды да. Мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттісіз, - деймін ғой.

- Тышқандай болып алып айтып тұрғанын қара! - дейді, - өз дүкенімде заңды өзім орнатам! Құрыңдар, надандар! Көргім келмейді сендерді. Мемлекеттік тіл деп қояды, Назарбаевтың өзі үш тілде сөйлеңдер деп айтқан. Заң деп қояды ғой және. Өз боқтарыңды өздерің жеп жүре беріңдер, - дейді. Әрине, бәрін орысша айтты. Ішімдегі ашу-ызаның бәрін тежедім де, "Кездесеміз!" дедім.


Түсінікті, өздерінің дүкендері. Бірақ бұлардың этикасына кім жауап береді? Мемлекетіміздің басты құжаты - Ата заңымызды, Мемлекетіміздің діңгегі Қазақ Тілімізді, Қазақ ұлтын неге құрметтемейді? Бұған не істей аламыз, Абзал аға? Демактратиялы елміз. Жақсы білемін! Бірақ ол менің ұлтыма, тіліме тіл тигізді ғой. Қазақтың есебінен кәсіп жүргізіп отырған адам неге қазақты сыйламайды? Айтпақшы, өзі де қазақ екен!

Жеті атасын жетектеп жүріп заңды жазасын беретін кім бар? Ұлттың намысын кім қорғайды? Әлде осы кеткеніміз кеткен бе?


Тып-тыныш жүрейін дегенмін, қанымды қарайтты ғой!

Нұргелді Әбдіғани аға-ау, кімге жүгіне аламыз?


Асылан Қуанышұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2639    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 10:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31