Біз өз қағынан жерінген халықпыз

06 тамыз 2022, 11:33

- Мама, маған енді доча деші...

 

- Неге?

 

- Гимнастикада Аружан, Айлин мен көрші Алинаның мамалары бәрі солай атайды. (Әминамендиалог)

  

- Баламды орыс мектебіне бермесем

  

- ?

 

 - Ой, қазақ мұғалімдері тупой!

(көршікеліншекпендиалог)

   

Жапон ғалымы диагнозды дұрыс қойып отыр. Біз өз қағынан жерінген халықпыз. Әйтпесе, санасы сау адам өз тілі ТІРІ тұрып, баласын өзге тілде қарата ма? Бұл өз тіліңді өлтіру ғой. Қорлап өлтіру. Кәдімгі бәйбішесінің көзін бақырайтып қойып, тоқал әкеліп, оған "жаным" деген еркек секілді... Әминаның қызым деме деген бір-ақ ауыз сөзі жүрегімді дәл солай тіліп жіберді...

 

 

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан