Сен тұр - мен айтайын!

Біз өзіміз, жалтақтаймыз да тұрамыз...

  • Біз өзіміз, жалтақтаймыз да тұрамыз...

    Біз өзіміз, жалтақтаймыз да тұрамыз...

Жалтақтағанды қояйық та!!!

Менің автобуспен жүруімнің себебі Әлжан досыма ұқсас. Әлекең мәшинесін сатып жіберсе, мен балаға бердім. Шынымен автобус бір рахат. "Оңайыңа" ақшаны құйып ал да, зулай бер... Оның үстіне Алматыда автобус көп көліктен тез жүреді. Өзінің арнайы жолы бар. Бұл жағынан Бауыржан Байбек мырзаға мың алғыс! Көліктер кептелісте тұрғанда, автобус зулап кетіп бара жатады. Хош! Менің айтайын дегенім бұл емес еді. Реті келген соң Баукеңе алғыс білдіруді жөн санадым. Мен негізі тіл туралы айтайын дегенмін. Қазақ тілі туралы. Біз жалтақпыз. Мойындауымыз керек. Әйтпесе, сен қазақ тілінде сөйледің, мен түсуінбей қалдым деп жатқан ешкім жоқ. мысалы үшін, автобуста жолақысын төлеген-төлемегеніңді тексеретіндер көп. Екі аялдама сайын қайта-қайта тексеріп қоймайды. Көбісі, кіре салады да, бірінші қазақ тілінде, сосын орыс тілінде карта-билеттеріңізді дайындаңыздар деп сайрай жөнеледі. Дұрыс. Енді бір қыз бар, тек қана қазақша сөйлейді. Орыс па, неміс пе, басқа ма, қарамайды. Жолаушы орысша сөйлесе де, ол қазақша айтады. Бірнеше рет көрдім. Бірде-бір орыс, неміс, түрік, ұйғыр ұлтының өкілдері: түсінбедім, орысша айт деп талап еткенін естігенім жоқ. Рас, бәрі түсінеді. Түрінен де реніш байқамадым. Біз өзіміз. Жалтақтаймыз да тұрамыз. Қазақ тілі қазақ ұлтына керек, яғни, өзімізге керек. Біз соны түсінетін уақыт жетті. Өзге ағайындар мұны біледі. Тек өзіміз түсінбей жатырмыз...


Еділ Анықбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 10:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30