Біз сияқты елдерге қыстан аман шығу ауыр болып барады

28 қазан 2021, 14:32

Қысы жоқ елдерге қызығасың.
Жақында Египетте демалып келген мамам ,, Египеттің астанасы Каирдың өзінде 25 млн халық тұрады екен,, деген еді. ,, Қыс болмайтын елдерде бала туу проблема емес шығар.,, деймін мен. ,, Балам тоңып суықтап ауырып қалады ау,, деген уайым- қайғысы жоқ, қысы жоқ, аязы жоқ сондай елдерге қызығасың-ақ. Ал бізде жағдай қалай? Күн суытып, қыстың ызғары біліне бастайтын қазан, қараша айынан бастап әбіржіген жұртты көресің. Бала- шағаның қыстық киімдерін әперу керек.Болса да елде қымбатшылық. Сосын суықтап жөтеліп ауырып қалғанда ем- дом жасап, аптекаға жүгіре бастайсың, үйіңе дәрі-дәрмек тасып. Арасында антибиотигің бар салдыратын. Жөтел асқынып кеткен жағдайда. Сосын қыстың қамы бұнымен бітпейді. Үйіңді жылы ұстауың бар. Жылына бір келетін жаңа жылың бар. Оның шығыны өз алдына. Мектеп, балабақша біткен балмаскарад кеш ұйымдастырады, ватсап группалар тынымсыз хаттарға толып, ақша жинап. Есептеп қарасам, қыстан осындай шығындарыңды жауып, аман-есен шыққаныңның өзіне жарты млн теңге кетеді екен. Көпқабатты үйде тұратын біздің шығын осы. Ал үйін отын, көмірмен жылытатын жұрттың көретін құқайын айтсай. Олардың отын, көмірінің өзі пәлен мыңға барады. Отын көмірін күн сайын түтіндетіп жағып жүрген жұрттың аяғы қақсап, белім ауырдымен қиналатыны тағы бар. Қысқасы, әлеуметтік жағдайы күрделеніп кеткен біз сияқты елдерге қыстан аман шығу ауыр болып барады. Ақшасыз қалсаң, қатал қыстың ызғары аямайтыны тағы бар.

facebook.com