Сен тұр - мен айтайын!

Бізді арнайы жойғысы келді. Халқымыздың 60%-дан астамын құртып жіберді

  • Бізді арнайы жойғысы келді. Халқымыздың 60%-дан астамын құртып жіберді

    Бізді арнайы жойғысы келді. Халқымыздың 60%-дан астамын құртып жіберді

"Меломанда" Сталин жайлы кітап толып тұр. Сталинді жалпы культқа айналдыру Ресей саясатында соңғы жылдары қарқынды түрде белең алуда ғой. Оның адамзатқа жасаған қылмысын, тұтас ұлттарға жасаған геноцидін ақтау қарқынды түрде жүріп жатыр.
Айтпақшы, "Меломаннан" Гитлер жайлы кітап көрмедім. Жалпы Қазақстанда "Гитлер жайлы оқуға болмайды" деген бір қызық түсінік бар. Оны енді кеңестік идеологиядан қалған-ау деп ойлаймын өз басым. Кейбір жандар тіпті Гитлердің "Менің күресім" кітабын оқуға болмайды, заңмен тыйым салынған дейді. Ондай заңды көрмедім, бар болса сілтемеге сілтей салыңыз. Тыйым салынған әдебиеттер қатарында тұр ма, жоқ па біле жүрейік. Студент кезімде оқып шыққам, жақсы туынды. Сталиннің де кітабы жетерлік. Бір-екеуін оқып, "ой лібәә" деп тастай салған едім.
Сталин отар еткен халықты қасақана қырды. Бізді арнайы жойғысы келді. Халқымыздың 60%-дан астамын құртып жіберді. Атты, асты, аштан өлтірді. Бірақ ол жайлы кітаптар сатылады, оның туындыларын оқуға болады, ал портреттерін 9-мамырда көтеріп жүргендер жетерлік.
Гитлер тіпті қазақ деген ұлттың барынан да хабары болмаса керек. Қазақты іздеп келіп атқан жоқ, соғысқа Мәскеу бұйрығымен барған аталарымыз алдыңғы шепте ажал құшты. Ол үшін Гитлерді қатты айыптау да бір ақыл ісі емес-ау деп қоямын кейде. Менің де Қасенғали деген атам соғыста өлген. Оны Гитлер бұйрығымен қазақ жайлауына неміс сарбазы келіп, шмайсермен атып кетсе, әлі күнге дейін қарғап отырар едік. Бірақ атамның өлуіне ең бірінші Мәскеуде қол қойып, қан майданға айдап жіберген Сталин кінәлі-ау, одан кейін барып Гитлер. Әйтпесе арасын мыңдаған шақырым мен ондаған елдер бөліп жатқан неміс пен қазақ өзара жауласып несі бар?)
Сталин де, Гитлер де адамзаттың жауы, тирандар, диктаторлар, қанішерлер. Бірақ біздің қоғам оларды айыптаса теңдей айыптауы тиіс деп ойлаймын. Бір қанішерді мақтап, екіншісін даттауға бола ма?!




Көрілген: 2278    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28