Сырттай танитын екі жігіт былтыр оқу бітіріп, біреуі қазір базарда жұмыс істеп жүр екен. Битук пе, бірдеңе ашып алған сондай.
Екіншісі де мамандығымен жұмыс істеп жүрген жоқ. Шетелден машина алып келіп, соны сатып ақша тауып жүр.
Екеуі де білім алу үшін емес, елден қалмайын деп диплом алу үшін ғана оқығандай әсер аласың.
Оқуға құлқы болмаса да баласына экономистің, юристің дипломын алып беруге тырысатын осы психология құртады бізді.
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан