Сен тұр - мен айтайын!

Бізде біраз адамның түбіне жеткен осы жоқшылық екен...

  • Бізде біраз адамның түбіне жеткен осы жоқшылық екен...

    Бізде біраз адамның түбіне жеткен осы жоқшылық екен...

"Ақшаға құл болма, ақша жаман, ақша деген адамды адамдықтан шығарады" дей береді ғой, жұрттың бәрі. Бірақ, айналып келгенде ақша жақсы сияқты... былай сырттан қарасақ)

Өйткені, ең ақылды деген адамдардың да арасы осы мәселеге келгенде алыстап қап жатады. Біраз жұрт осы ақшаның үстінде табысып, керемет дос боп кетіп жатады. Біраз отбасы жақсы табыстың, жайлы тұрмыстың арқасында сақталып қап жатады.

Менің әжем марқұм бір тынбайтын адам еді. Ақшасы азая бастаса мазасы қаша бастайтын. Сондағысы бәрін бізге (немерелеріне) ас-ауқат қып беретін. Полюбому жетпей жүргеннен гөрі ақшалы жүргеннің жан-жақты пайдасы көп сияқты...

Маған күніне бірнеше адам хабарласады: 60% жағдайы жоқтар. Мені министр деп ойлайтын сияқты, сол кісілер)

Баяғыда айтып едім ғой "егер маған билік берілсе, сол күннен бастап үйсіз жүрген журналистерге баспана берер едім. Журналист үшін жәутеңдеп, біреуге кіріптар болу қорлық" деп. Соны оқыған бірер кісі "Әлеке, кезекке мені де жазып қоя салыңыз!" деп жазғаны бар) Өзім де сеніп қалғанмын, сонда...

Айтайын дегенім, бізде біраз адамның түбіне жеткен осы жоқшылық екен. Әсіресе, шығармашылық адамдарының.

Ал, қарапайым халық тапшылық пен жоқтыққа, қымбатшылыққа әбден көніп "бұл өте қалыпты жағдай" деп, қабылдайтындай.

Жалпы материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласатынын күн өткен сайын көріп жүрміз...


Алия Кудайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1956    Пікірлер: 0

сенбі, 15.06.2019, 18:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31