Былтыр осы туралы бір пост жазғанда ешкім сенбеп еді. «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шығатын табардың көбін Қытайға заказ беріп жасатады екен. Сабын, ұннан жасалған өнімдер, кәмпит, электр бұйымдары дейсіз бе, бәрі, бәрі, біз Қазақстанда жасалды деп жүрген өнімдердің 80 пайызын Қытайдан әкеледі. Басқалары бір алдап жүрсе, кәсіпкерлер тағы да халықты алдап ақша тауып жатыр. Шетелде мұндайды экономикалық диверсия деп танып, бірден қылмыстық іс қозғап жатушы еді, бізде халықтың «құлағынан теуіп» ақша табу қалыпты нәрсеге айналды. Өзімізде шыққан осындай табарларды көргенде кәдімгідей қуанып, арқаланып қалатынбыз. Енді мына жағдайдан кейін ине мен жіп те шықпайтын мешеу мемлекетпіз деген сөзге еріксіз сенетін болдым!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан