Бір сұхбатында Гарик Мартиросян Ресейде жақсы юморист болу үшін орыс тілін жетік меңгеру керек деді. Деді де мысал ретінде Ургантты айтты.
Павел Воляның импровизациясы сұмдық. Оған КВН бэкграунды және орыс тілі пәнінің мұғалімі деген білімі де көмектесетін шығар.
Дудь соңғы сұхбатын ресейлік әзілге арнапты. Гудковтың жауаптарын қарасам, орыс тілін өте жақсы меңгергендердің бірі. Ойланып тұрады да, қысқа, нұсқа дөп түседі.
Яғни, олар орыс тілін бүгінгі нарықтағы жаңа әзілдерге бейімдей алды.
Қазақ тілін солай жақсы меңгергендер, әрине, көбіне филолог, журналистер. Бірақ біздегі әзілдерге қарасам тілді меңгеру тұрмыстық деңгейден аспайды. Тұрмыстық тілді әзілге бейімдейді. Содан тұрмыстық әзілдер шығады.
Ал олардың шет тілін меңгеруі, білімі, интеллектісі өз алдына бөлек толғау...
Nurmukhamed Baigarayev
Фейсбуктегі парақшасынан