Біздегі оқу жүйесінің шірігені-ай... Шетелдің қаңсығы...

20 қазан 2019, 12:48

Біздегі оқу жүйесінің шірігені-ай... Жаның ашиды, қаның қараяды... Мектеп ол, жоғарғы оқу орны ол... Шетелдің қаңсығы... Кембридж дей ме, бірдеңе... Оны дұрыс көшірсе, көрім ғой... Боллонская система... Кредитная система... Осы системалар оқу жүйесін тоздырды... Әсіресе, тоймайтын тажал сыбайластар... Солардың кесірінен сауатсыз, сапасыз оқулық шығып жатыр... Сосын, бір түсініксізі -- неге бізде әр мектеп, тіпті, әр класс әртүрлі оқулықпен оқиды? Бір класс оқығанды, екінші класс оқымайды екен ТАҢДАУ ПӘНІ деп... Осы мектепке ТАҢДАУ ПӘНІНІҢ не керегі бар? ВУЗ болса түсінер ем... Таңғалам... Осы уақытқа дейінгі министрлер әбден тұралатып кетті. Біреуі анасын тықпалады, біреуі мынасын тықпалады... Әсіресе, предпоследниі... Аты кім еді өзінің?.. Ал, болон системасы кімнің тұсында кірді? Боққа керегі жоқ... Ұрпақты топастандыру жүйесі... Одан басқа түк те емес... Мектепте қазақ тілінің грамматикасы оқытылмағасын, не сұрайсың... Себебі, оқу жүйесі осындай... Ал, ЖОҒАРЫ оқу орындардың қазақ бөліміне қазақ тілі оқытылмайды, керісінше орыс тілі оқытылады. Мекемтас ағамыз айтқандай, қазіргі сөйлеу аппаратымыз бұзылған уақытта қазақ тілін оқыту күшейе түсу керек еді... Бұлардікі керісінше, терісқағыс бірдеңе... Әсіресе бұл біздің дәстүрлі әншілерге өте қажет... Ң-ға тілі келмейтін ұрпақ көбейіп кетті. Қазіргілерің орфография мен орфоэпияны ажырата алмайды... Оның ішінде журналистер де бар... Әңгіме көп... айта берсе...

Еркін Шүкіман
Фейсбуктегі парақшасынан