Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Біздегі сияқты кім көрінгенге, көшеде номер сата бермейді

02 қаңтар 2023, 15:59

Түрік номерін сатып алар кезде міндетті түрде құжаттарыңызды сұрап, көшірмесін базаға тіркеп, сосын барып береді. Turkcell, Turktelekom операторларынан алған номеріміз Түркияға келген үш айда ғана жарамды болып тұрады да үш ай мерзім біткенде автоматты түрде жарамсыз болып қалады (төменгі хабарламада көрсетілгендей). Номер иесі "Икамет" (ВНЖ) құжаттарын алып барып, қосымша ақы төлеп номерін қайта жаңартады. Мұны неге айтып отырмын?! Яғни, жауапты Министрлік тарапынан "контроль" бар. Біздегі сияқты кім көрінгенге, көшеде номер сата бермейді. Егер, алынған номерден алаяқтық немесе басқа да құқықбұзушылық жасалса ол адамды бірден тауып алады. Жақында бір алаяқ құрбыма бөтен номерден танысы болып шығып, ақша сыпырып алған. Операторға хабарласса "Біз білмейміз, номерді лақтырып жіберген ғой, ішіндегі ақшасын алып алған, шотында тиын да жоқ"-депті. Егер, сол номерлер сатып алған адамға тіркелген жағдайда мұндай келеңсіздіктер болмас еді. Біздегі Актив, Билайн, Алтел, Теле2 және тағы басқа ұялы телефон операторларын әр номерді тіркеп отыруға міндеттеу керек!
Осыдан неше жыл бұрын осы мәселені қолға алған сияқты еді, жарты жолда қалған ғой.

Фейсбуктегі парақшасынан