Сен тұр - мен айтайын!

Біздің адамдарда армандайтын да қуат қалмаған ...

  • Біздің адамдарда армандайтын да қуат қалмаған ...

    Біздің адамдарда армандайтын да қуат қалмаған ...

ҚҰЛДЫҢ АРМАНЫ


Өзім куә болған мына бір оқиғаны қозғай кетейін. Ұмытпасам, 1995 жылдың қысы. Аудандық газеттің тілшісімін. Редактор: «Балық зауыты жайлы мақала жаз» деп мені балықшылар кентіне жіберді. Мекеме бастығын бұрыннан білуші едім. Көзі қарақты, өте сұңғыла кісі. Бардым. Жолай ұшырасқан ол «түстен кейін зауыт басшыларының алқа мәжілісі болады. Соған қатысыңыз!» деді.
Басекең айтқан жиын басталды. Бір шетте қолда қалам-қағаз, мықшиып отырмын. Бұл жылдары жоқшылық ел өміріне дендеп енген, жанар-жағар май, азық-түлік тапшы өте қиын уақыт еді. Зауыт жұмысшылары жылдап айлық алмаған тұс. – Сіздерге бір жақсы жаңалық айтайын, – деп бастады сөзін зауыт басшысы. – Зайсан көл-өзен тектес су. Яғни, суы ағынды болғандықтан осылай аталады. Оның сыртында көлге жан-жақтан Қара Ертіс, Көкпекті, Кендірлік, Үйдене, Жарма сияқты өзендер құяды. Бұлар көктемде қарғын арқылы ағып келген таудың шипалы өсімдік-шөбін айдап әкеліп, көлге тоғытады. Ол шөптермен балық қоректенеді. Бұндай экологиялық таза табиғи минералды суда өмір сүрген балық әлем нарығында аса жоғары бағаланады. Мысалы, біздегі көксеркенің бір килосы Түркияда 40, Еуропа елдерінде 60 долларға дейін құн сүйеді, – деп бастап, сөзінің аяғын көлдің балығын әлемдік саудаға шығаруымыз керек деп аяқтады.

Бұл сөзді естіген мекеменің атқарушы директоры, вице-президенттері, орынбасарлары бар, барлығы «көлге салған ауды тартатын тракторға солярка таппай отырып, қайдағы шет елге балық сатқан...» деп шулап кетті. Тіпті кейбіреуі «Мына кісінің есі дұрыс па?» деген сөзді ішінен бірнеше қайталаған да шығар.
Осымен жиын тарады. Кабинетте үлкен бастық екеуміз ғана қалдық. Ол кісі басын шайқап ұзақ үнсіз отырды да, маған бұрылып: «Көрдің ғой інім, біздің адамдарда армандайтын да қуат қалмаған» деді. Ол кезде бұл сөзге аса мән бермеген едім. Адамға армандау үшін де қуат керек екенін кейін түсіндім. Ерте заманда сиыр бағып жүрген құлдан «Егер сен патша болсаң, не істер едің?» деп сұрағанда, ол бейбақ: «Онда сиырды ат мініп жаяр едім» депті. Құлдың арманы осы. Азат адам бұлай армандамайды. «Әлем социологтары қайсы бір этностың болашағын оның арманына қарап біледі» дегенді оқып едім. Рас сияқты.

 

Бекен Қайратұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31