Біздің басшылықтың арасынан бұл дәндерді еге алатын таза адам табыла ма?

24 сәуір 2022, 01:04

“Бір кездері Қытайда бір адам аштықтан өлейін деп келе жатып, біреудің бақшасынан алмұрт ұрлап жейді. Оны ұстап алған бақшаның иесі жазаландыру үшін императордың алдына алып барады. Императордың алдына шыққан ұры:«Жоғары мартебелім, мен аш қалдым, аштыққа шыдай алмай алмұрт ұрлап жеуге мәжбүр болдым. Кешірім сұраймын. Егер мені кешірсеңіз, сізге баға жетпес сыйлық жасайын». Император ернін тыжырайтқан күйде: «Сендей бейшара адамда қандай баға жетпес сыйлық болуы мүмкін?». Ұры алақанындағы алмұрт дәндерін созып: «Егер сіз бұл дәнді ексеңіз, бір күнде алтын жеміст беретін ағашты көресіз», - дейді. Император қарқылдап күліп: «Онда еге ғой, алтын жемісті көргенде сені кешейін», - деді. Кедей адам: «Хан ием, мен бұл дәнді еге алмаймын, өйткені мен ұрымын .. Бұл дәнді өмірінде ұрық жасамаған, басқаларға әділетсіздік, қиянат жасамаған адам ғана еге алады. Тұқым сол кезде ғана өзінің құдыретін көрсетпек, ал егер лайық емес адам егетін болса уланып, қиналып өледі. Хан ием, бұл дәндерді тек сіз ғана отырғыза аласыз ». Император шошып кетті, сақалын сипаған күйі біраз ойланып отырды да: «Мен императормын, бағбан емеспін, бұл тұқымды бас уәзірге беріңіз. Сол ексін, алтын жемісін көрейік»,- деді.. Кедей адам тұқымды бас уәзірге бергенде, ол да қашқақтап: «Менің бұл жұмыстарға икемім жоқ тақсыр, мен сиқырлы дәнді зая қылам ғой. Бұл дәнді қазынашы ексе дұрыс болады деп ойлаймын». Сол-ақ екен қазынашы да бірден сылтау тауып, бұл тапсырманы басқа біреуге тапсырды. Император сарайынғандардың бәрі қайдағы бір сылтауларды айтып бұл істен қашқақтады. Мұны көрген император орнаған тыныштықта біраз уақыт ойланып отырады. Бір мезетте ол бас уазіріне, қазынашыға және барлық шенеуніктерге қарап, былай деді: «Ал қанекей, енді барлығымыз бұл дәндердің қалай алтын жеміс беретінін көрсетейік бұл ұрыға деп, қалтасынан алтын шығарып, кедейдің уысына лақтырды. Шенділердің барлығы үнсіз ғана қалталарынан алтын ділдаларын алып кедейге береді. Бұдан кейін патша кедейге қарап: «Ал енді жөніңе кет, бүгінгі бұл сабақ бәрімізге жеткілікті».
Қалай ойлайсыз, жемқорлық жайлаған біздің басшылықтың арасынан бұл дәндерді еге алатын таза адам табыла ма?”

Murat Çetinsoyu

Дина Елгезек

Фейсбуктегі парақшасынан