Ковидке қарсы қырғыздардың күресін үлгі етуге болады. Ондағы волонтерлар ірі қалалардағы тойхана-мейрамханаларды мемлекетке тәуелді емес провизорлық стационарларға айналдырған. Бизнесмендер мен ұсақ кәсіпкерлер қажетті дәрі-дәрмек, кислород аппараттары, төсек-орындармен толық қамтамасыз етіп, шапқылап жүр. Медициналық білімі бар тұрғындар медқызметкер мен санитарлардың жұмысын атқарып, науқастарға укол мен системалар қойып, сәт сайын жағдайын жасап жатыр. Барлығы тегін! Кеселден оңалғандар сол стационарда еден жуып, ас әзірлеп, ауырып жатқандарды күтіп-баптаумен айналысады. Мемлекеттің шамасы келмеген нәрсені қырғыздар түсініп, өздері көтеріп кетіпті.
Ал бізде ше? Біздің байлар 12 көлік әперіп, жалғыз қатынының дамбалынан шыға алмай жүр! Қауқарсыз үкіметтің түрі мынау!
Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан