Сен тұр - мен айтайын!

Біздің елде ақшамен бәрін шешуге болады

  • Біздің елде ақшамен бәрін шешуге болады

    Біздің елде ақшамен бәрін шешуге болады

Бізден қарап едім таппадым. Ресейде жасөспірімдер арасында суицидтің 20%-ы мектеп оқушыларының университетке емтихан тапсыратын уақытында болады екен.

 

Балалар жыл бойы емтиханға дайындалып оқуға түсе алмайды. Бірақ сабақты 3-пен оқып, грантты жеңіп алған сыныптастарын көреді.

 

Біздің елде ақшамен бәрін шешуге болады. Гранттан бастап, оқушылар олимпиядасын да сатып ала аласың. Бұның бәрі Тұрсынбек сияқты қалталы адамдардың ақшамен бәрін шешуге болады деген тірліктерінен шыққан.

 

Түркияда 3 жыл оқыдым. Полицияда, ауруханада пара берсе болатын шығар. Бірақ білім ордасында бұл мүмкін емес.

 

Осыдан көресіздер ертең тағы бір оқиға шығып Тұрсынбектің бұл қылығын да ұмытамыз. Тұрсынбектің машинасымен адам қағып өлтірсе де ештеңе болмайды. Әйелінің фирмасынан тендер өткізіп зат алады. Тұрсынбекке ештеңе болмайды. Орнынан да алмайды. Эфирден де құмайды. Ертең әзіл әлемінің жаңа версиясы мен КТА-ның кезекті ойындарын жүргізе береді. Ары кетсе кешірім сұрауы мүмкін.

 

Осындай ынжық халыққа үңгірде тұратын жабайысыңдар десе кіжінеп үңгірдің суретін саламыз. Осымен бітті.

 

Келесі Тұрсынбек сияқты блатнойлар шығып Алтын Белгі мен грантты сатып алмасын десек қазірден бастап эфирге ондай адамдарды шығармау керек. Эфирге шыққан адам жемқорлық пен парақорлыққа ашық бармауы керек.

 

Әрі басқаларға сабақ болады.

 

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1931    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.08.2021, 18:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31