Сен тұр - мен айтайын!

Біздің елде, сіңірі шыққан тақыр кедейлер өте көп

  • Біздің елде, сіңірі шыққан тақыр кедейлер өте көп

    Біздің елде, сіңірі шыққан тақыр кедейлер өте көп

Біздің елде, сіңірі шыққан тақыр кедейлер тұрады. Және олар өте көп. Еще оларды кемсітіп, қоғамнан бөлектейді. Жоқшылықтан әбден ығыр болған олар күле де, жылай да алмай қалған. Олар ескі моншада, ҰОС нан қап қойған қираңқы клубтарда, темір контейнерлерде тұрады. Мың жерден сылап, ақтағанымен қабырғасы көгеріп, ызғарланып тұрады, үйлері. Егер “үй” деуге келсе.
Олар таңертең әкелген бір нанды бірнеше бөлікке бөліп қояды, кешке дейін сол “өлшемнен” асып кетпеу үшін! Әйтпесе, аш қалады. Олар біздер күнде жейтін көп тамақ түрлерін, қызық үшін ішетін түрлі сусын, нешетүрлі торт, кәмпиттің түрін де көрмеген, білмейді де. Бір бөлмеде он адам тұрады.
Біз бөлек, олар бөлек. Мүлдем басқа мемлекетте өмір сүріп жатқандай, сиқына қарасаң. Өте жүдеу! Біз олардың тілін, олар біздің тілімізді “түсінбейді”. Әлгі ертегі, аңыздардағы біз кітаптан ғана оқитын “ішерге асы,киерге киімі жоқ” адамдар өмір сүріп жатыр, біздің елде. Қаншасы керек, тізіп берем! Ал, біз эканомика, технология, “жасыл” энергия, ақпараттық қоғам, индустрия, инвестиция бірдеңе дегендерді сөз қыламыз. Ал, оларға жан қайғы. Күнделікті аштан өліп қалмай, бүгіннен ертеңге аман жетсе, сол олжа! Жаңалық көретін теледидар бар дейсіз бе, ол түгі жарығы жоқ. Электр қуатынсыз, интернетсіз өмірге үйреніп кеткен олар. Шам жағады әлі күнге.
Бәріміздің де жетісіп тұрғанымыз шамалы. Бірақ сол түрімізбен осыларға бірдеңе жасағымыз келеді. Ал, қолында бардың, жағдайы, пәрмені бардың көбі бұндай адамдардың бар екенін ойлаудан қорқады, тіпті. Өйткені, негативті ойлардан жанын, жүйкесін сақтағысы келеді. “Нервштетпеуі” керек. Сондықтан да олар анооу адамдар туралы айта қалсаң, көрсете қалсаң “вы слишком перебаршиваете, бұл ақпарат жалған! Біз тас дәуірінде өмір сүріп жатқамыз жоқ, қазір басқааа заман, айналайын” деп, өзіңді сендіріп жібереді.

Бірақ, ол жалған ақпарат емес еді...

 

Алия Кудайбергенова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1183    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2020, 16:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31