Сен тұр - мен айтайын!

Біздің ғалымдар қайда, ғылымымыздың даму деңгейі қайда деген сауал туындайды

  • Біздің ғалымдар қайда, ғылымымыздың даму деңгейі қайда деген сауал туындайды

    Біздің ғалымдар қайда, ғылымымыздың даму деңгейі қайда деген сауал туындайды

Коронавирус..... Кімге кінə артамыз? Кімге арқа сүйейміз? Жазбайын десең де ішіңе сыймайды.
Коронавирустың қазіргі шарықтап тұруына байланысты халық үкіметті әбден кінəлəп жатыр. Бұл - заңдылық. Себебі, аурудың көбейгеніне байланысты дəрі-дəрмек тапшылығы сезіліп, ауруханаларда орын​ жетпей​ жатыр. Біз бұл індетке жалпы дайын болмай шықтық. Өйткені, денсаулық сақтау саласы ақсап тұр. Шынын айтсақ, оны әрқайсымыздың ішіміз сезбек түгілі, көкірегіміз толық сайрап тұрған. Бұл әлімсақтан-ақ белгілі еді. Ойлап қараңызшы, егерде біздің денсаулық сақтау жүйеміз күшті болатын болса, пандемияға дейінде неге елдің азаматтары өзінің сырқаттарын, денсаулықтағы кінәраттарын шешу үшін Оңтүстік Корея, Европа немесе Израиль сынды елдерге барды?​
Күні кеше жаңалықтардан премьер-министріміз Асқар Маминнің Еуразиялық Одақ​ отырысына қатысып, Ресей премьер министрімен кездескенінде, "Қазақстан Ресейдің шығарған вакцинасын бірінші болып алады" - деген ақпаратты оқыдым. Сонда біз таза "Кім вакцина шығарады екен, ә?"-деп тек күтіп отыратын мемлекет болғанымыз ғой.​ Осы тұста біздің ғалымдар қайда, біздің ғылымымыздың даму деңгейі қайда деген сауал туындайды. Мемлекетіміз ғылыммен, ал ғылымымыз бен бизнесіміздің ұштасып жұмыс істеуі дұрыс болмағаннан өзгенің тілеуін тілейміз де.
Қазір үкіметке иек артпай кейбір танымал азаматтар асарласып, алыс-жақын шетелден керекті медициналық жабдықтарды, дәрілерді өздері әкеліп жатыр. Дұрыс-ақ. Мәселен, "Айдың нұры" қайырымдылық қоры ұйымдастыруымен халықтан ақша жинап шетелден əкелген аппараттары ауырып жатқан жандарға жол тартуы үшін де Қазақстанда 2-3 күн бойы Денсаулық сақтау министрлігінен​ бір жапырақ рұқсат қағазды күтіп қалды. Неге? Өйткені, ол қағаздар қажет. Себебі, ертең ол аппараттар дұрыс болмай шықса, біздің азаматтарға кесірін тигізсе тағы да шу болады. Дегенмен, сол апараттар жолда келе жатқан кезде осы келісімдерді алдын-ала жасап, келген кезде таратуға жіберсек, 1-2 күн уақыт ұтар едік деген ой да қылаң береді. Мен сауап жасаған кісілерге сын айтып жатқаным жоқ, жанашырлық ретінде осындай істерде қайта сауатты болса ғой дейсің. Айнұр әпкемізге, барша игі жақсыларға Алла разы болсын!

Кеше ғана президентіміз бүкіл үкімет пен әкімдерді шықпыртып сынады. Сынаған, тәртіпке шақырған, сапалы жұмыс талап еткен дұрыс қой. Дегенмен осы ашылған олқылықтарымыздан кейін, соның барлығын болашақта түзеу, реттеу, дамыту жоспарлары бар ма екен деп ойлайсың? Болашақ арқылы әлемнің әйгілі оқу орындарынан білім алған ақылды азаматтар тоғысқан ортадан елімізді дамытуға бағыттайтын стратегиялық жоспар жасалатын шығар деп ойлаймын.
Үкіметті айтуын айтық, ал індеттің қпзіргі кездегі өршуі тікелей халықтың жауапсыздығынан да болып тұр. Белгілі кəсіпкер Айдын Рахымбаевтың "Қазақтағы ұят, аурудың өршуін асқындырды"-деп бірнеше ұяттарды тізіп жазған инстаграмдағы постын​ оқыдым. Айекеңмен әбден келісемін, қышыған жеріңді нақ тауып қасығандай, алайда оның түбінде не жатыр, соны ойлануымыз керек?!
Қазір екінші рет карантин жарияланып, баршамызға үйде отыруға кеңес берілді. Алғашқы карантинді де, қазіргі карантинді де өз басым толыққанды сақтап үйден шықпай отырмыз.​ Ал араласатын, сыйласатын, жақсы көретін, сыйлайтын азаматтардың көпшілігі​ қазіргі сəтті пайдаланып жазғы демалыстарын бірі Бурабайда, бірі Алакөлде тағы басқа жерлерде өткізуде.​ Бұл нені көрсетеді? Сонда біздің халықтың бұл карантиннің не үшін жасалып жатқандығын, бұл аурудың қаншалықты сипаты бар екендігін түсінбеушілігінде ме?​ Халықтың көп келуі ішкі туризм үшін жақсы шығар,​​ бірақ бұл​ біздің жауапкершілігіміздің төмендігі деген ойдамын. Өзіміздің тағдырымыз өзіміздің қолымызда екенін ұқпаймыз ба? Кәне ауырғаның қайсы, өтірік, танысың бар ма деп сенбестікпен бірінші карантинді өткіздік. Сол кезде біздің мемлекет елден бұрын барлығын жауып халықты бірден жаппай аурудан сақтап қалды. Ауру саны аз болғаннан сенбестік пайда болды халықта.
Мүмкін сол кезде ерте жаппай бір-екі апта күте тұрып, халықтың көзін жеткізіп барып жапқан дұрыс болар ма еді деп те ойлаймын?!! Билігінің сөзіне сенбей, айтқанына құлақ аспай жүрген халық болса, ол мемлекеттегі кереғар істердің келең алуына алып келеді.
Жалпы қазіргі жағдай ушығып тұр. Бұл індеттің қанша уақытқа созылатынын дөп басып айту қиын. Халыққа үйде отыру міндет, карантиннің талаптарын сақтау қажет, қарапайым санитарлық нормаларды сақтау арқылы бұрынғы қалыптасқан әдеттерін өзгерту керек, салт-дәстүрлерді міндетті түрде сақтауды уақытша ысыра тұру керек, сол кезде міндетті түрде алысқа кетеді індет... Аман болайықшы!
P.S. Шынын айтыңызшы, карантин талаптарын сақтап отырсыз ба? Әлде баяғы қазақилыққа салынып COVID-19- дың таралуын күшейтудесіз бе?

 

Dulat Tastekey
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1055    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.07.2020, 22:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30