Сен тұр - мен айтайын!

Біздің жақта құран оқысаң "мә, ол вахаббист екен" деген түсінік бар

  • Біздің жақта  құран оқысаң

    Біздің жақта құран оқысаң "мә, ол вахаббист екен" деген түсінік бар

Орал мен Атыраудың өмір сүру ерекшелігін көп салыстырасың, Оралды көбіне жамандайсың дейді маған. Мен ойдан шығарып ештеңе жазбаймын. Тек көргенімді, шындықты жазамын. Онымен мен Атырау жақсы Орал жаман деп көрсеткім келмейді. Су ішіп жүрген құдығыма түкіруден аулақпын.

Біздің жақта, нақтырақ айтқанда ауылда құран оқысаң "мә, ол вахаббист" екен деген түсінік бар. (Бәрі олай демейді, 2-3 адам бар солай айтатын).Егерде базардан хиджаб киіп жүрген қыз-келіншектерді көрсе автоматты түрде оны "вахаббист" қылып қояды. Ораза ұстасаң да сол. Той-томалақ, қуаныштарда 40°ты қоймасаң тағы сол. Общым ондай атақ алмау үшін сен 40°тан күнде болмаса да анда-санда сілтеп қоюың керек. Әйтпесе...

Ауылда бір келіншек былтырдан бері ораза ұстап жүр. Өзі сен тимесең мен тимеймін келіншек. Артық ауыз сөзі жоқ. Мен сияқты "ә десе мә" деп жүрмейді ыржиып күліп қойып, ішімдегіні тапшы деп жүре береді. Былтыр ораза ұстап бастағанда ой, н...й, ол вахаббист қой деген жасы біразға келген апай. Күйеуге шықпай тұрып неше түрліні жасап-жасап алып енді күнәм кешіріледі дейме екен деген сынды әңгімелерді естігем. Өзіне тікелей айтуға ұялама, маған айтатын. Мен олай еместігін, ол кісінің түсінігі мүлдем басқаша екендігін түсіндіре алмай әлек болдым. Соңында Алла Тағала аяғыңызды аспаннан келтіріп қоймайды-ау деп айтам деп ұрсысып тындым.

Кеше базарға барғанбыз. Ораза ұстап жүрген келіншек те бар жанымызда. Қасымдағы апай балмұздақ жеп тұрған. Апырмай, ......, сенде сау басыңа сақина тілеп, мына ыстықта ораза ұстап деп қойып қалды. Жоқ деймін-ау, ораза ұстайтын басқа, шөлдейтін де ол, оның не бес бидайы күйіп жүргенін түсінбеймін. "Құдайдан қорықпағаннан қорық" деп тегін айтылмаса керек. Жастарымыз кері кетіп бара жатыр дейміз, жастарымыздан гөрі үлкендеріміздің ақылын кіргізу керек сияқты. Әйтпесе есі кіресілі-шығасылы жастарға ауылдас апай сынды адамдар ақыл айтса құрыдық қой.

Абай атамыз айтқандай: сөз түсінбейтін адамдардан күнде шаршап мен жүрмін. Шаршап кеттім осындай адамдардан.


Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1894    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30