Сен тұр - мен айтайын!

Біздің қазақ «құдай сақтасын», «жамандық шақырма» деп қойып шауып жүре береді

  • Біздің қазақ «құдай сақтасын», «жамандық шақырма» деп қойып шауып жүре береді

    Біздің қазақ «құдай сақтасын», «жамандық шақырма» деп қойып шауып жүре береді

Вотсабыма бір дәрігердің видеокеңесі келді. Коронавирустан қорғану жайлы. Айтып отырғандары дұрыс енді. Біразын естіп те жүрміз. Маған әсіресе бір сөйлемі қатты ұнады. «Ең басты нәрсе – мимен қабылданатын ақпарат. Мидағы программа дұрыс болса біз көп нәрсені (вирус, ауру) қабылдамаймыз. Ойбай вирус келе жатыр, ол жұғады екен, анау-мынау екен деген қорқыныш көп. Сол қорқыныш жоғарылап кетсе – ми тығырыққа тіреліп, ағзаға команда беру қызметі бұзылады. Ол иммун системаны құртады» дейді.

Ал коронавирус иммунитеті төмендерге өш.

Мен де бес тиынымды қосып қояйын. Туберкулез диспансерінде ұзақ жыл жұмыс істеп, зейнетке шыққан бір құдағиымның айтқаны бар еді. «Зәуре, мен бір қызық айтайын. Ашық, асқынған өкпе ауруларымен араласып жүріп жұмыс істейміз ғой. «Осы жұғып кетеді-ау» деген ой миымызға кіріп те шықпапты. Кейде (сирек) болады, жаңадан келген немесе уақытша жұмыстарымен бөлімшеде біраз жүрген мамандардың кейбірі есі шығып, масканы екі қабаттап тағып, есіктердің тұтқасын халатының етегімен ұстап, қолын бірнеше минут тоқтамай жуып, бөлімшеде тіпті шәй ішуден жиіркенетін. Дәл солардың жұқтырып алғаны да болды, дейді. Қызық иә...

Марқұм папам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатты. Қасындағы кісі де бруцеллез екен. Әңгімелесіп отырып сол кісі айтып қалды. «Өмір бойы мал емдедік, ауданда (әлде ауылда) екі мал дәрігері едік. Мал іш тастаған деген сөз – бруцеллез ғой енді. Мен сұмдық сақтанушы едім. Тек перчаткамен, маскамен жұмыс істейтінмін. Ал ана әріптесім, үлкен кісі, «ой әкееңң, құдай өзі берген жанын өзі алады» деп күліп қойып жалаң қолмен кірісіп кетіп, өлі бұзау, қозыларды суырып алатын. Тіпті шалажансарларына жан бермек болып аузына үрлеп те жіберетін. Тобааа, сол кісі зейнеткер. Денсаулығы тастай. Мен көп ұзамай-ақ бруцеллез жұқтырып алдым деген еді.

Кейде күлеміз ғой. Біздің қазақ «құдай сақтасын», «жамандық шақырма» деп қойып шауып жүре береді деп. Бір жағынан сол да дұрыс па деймін. Ендеше продукты мен дәріге жаудай тиюді қойыңыздар, ағайын. Қорғанудың анау-мынау «механический» әдістерімен қоса «пісміллә,түк те етпейді, құдай сақтасын» деген антивирус та бар екенін біліп қойыңыздар))).

Кезінде свечаны қорабымен сатып алып, макарон мен сұйық майды подвалына тасып алған тобыр енді дүкен мен аптекаға шабуыл жасап жатыр. Қолдан дефицит жасамайық. Дәл осы азық-түлік пен дәрінің қоры таусылып қалады деген хабар жоқ қой әлі. Ұят болады.

facebook.com парақшасынан




Көрілген: 902    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.03.2020, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31