Сен тұр - мен айтайын!

Біздің қазақтың еңсесі 30 тұрмақ, 300 жылда көтерілмейді-ау?!

  • Біздің қазақтың еңсесі 30 тұрмақ, 300 жылда көтерілмейді-ау?!

    Біздің қазақтың еңсесі 30 тұрмақ, 300 жылда көтерілмейді-ау?!

Нұр-Сұлтан қаласында 36 қазақ, 53 аралас, 18 орыс мектебі бар екен.

 

Аралас мектептердегі ахуал да белгілі.

 

Қазақыландыруға барды деп жүрген оңтүстік өңірден көшіп барған жастар білсін, "артта қалмасын" деп балаларын орыс сыныпқа беретіндерін көріп, қаным басыма шапты.

 

Бұл бетімізбен кете берсек, біздің қазақтың еңсесі 30 тұрмақ, 300 жылда көтерілмейді-ау?

 

Алла сақтасын!

 

Елордада өткен айтыста осы тақырыпты қозғап едім:

  ..................................................

Тұғырлы тіліміздің бәйтерегі

Біздің бұл түрімізден жайқалмайды.

Қайтейін, қазағымның осыдан-ақ

Тәуелсіз екендігі байқалмайды.

 

Қашанғы қазақ бұған көну керек,

Жасайын енді осыған шолу бөлек.

Бәрінің айтатыны жоғарғы жақ

Жүз пайыз қазақ тілді болу керек

 

Ал менің айтатыным арамшөптің,

Басын емес, тамырын шабу керек.

Тәрбие талбесіктен деген бабам,

Осы сөзді қаперге алу керек.

 

Қазіргі  ата-аналар сотка ұстаған

Баланың тәрбиесін ауыр көред.

Сәбиге өзге тілде ойыны мен

Мультигі бар телефон тәлім беред.

 

Былдырлап тілі қазақша шықпағасын,

Орысша оқытқанды тәуір көред.

Нұр-Сұлтан қаласының өзінде-ақ,

Мектебін зерттеп көрсең, сабыр керек.

 

40-50 пайызы орыс сынып,

Тереңге кетіп қалған тамыр демек.

Қарадомалақтарымыз толтырып тұр,

Сол орыс сыныптардың бәрін, демек.

 

Ұрпағыңды бездірсе ана тілден,

Түгел орыс мектебін жабу керек.

Анадан қазақ болып туған екен,

Тілі де қазақша боп қалу керек.

 

Оң-солын өзге тілде таныған жан

Қалай ғана өз ұлтын қадірлемек?

Бала деген қай тілде білім алса,

Сол ұлтқа қызмет етіп, жанын беред.

 

Бұл сөзді мен айтқам жоқ, ғасыр бұрын

Мұстафа Шоқай бабам мәлімдеп ед

Сондықтан да қазаққа қазақ тілдің

Қазығын құрсағында-ақ қағу керек.

 

Бүгінгі мәңгүрттерді сынай бермей

Бар күшті болашаққа  салу керек.

Дәулерге әріп үйретіп әуре болмай,

Баланы әліппемен бағу керек.

 

Асылы, ауырып ем іздегенше

Ауырмаудың жолдарын табу керек.

 

 

 

Ержеңіс Тастыбай Әбді

Фейс




Көрілген: 3363    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30