Сен тұр - мен айтайын!

Біздің киноларда ақымақтау кейіпкерлер қазақ тілді болып келеді

  • Біздің киноларда ақымақтау кейіпкерлер қазақ тілді болып келеді

    Біздің киноларда ақымақтау кейіпкерлер қазақ тілді болып келеді

Жаңа жылдық демалыстарда босқа жатпай отандық өнімдерді көрдік, яғни отандық кино қорына сеп жасадық. "Бизнес по казахски в Корее", "Каникулы оффлайн2" кинокомедияларын тамашалап қайттым балаларыммен.

Абай айтқандай "Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы" болмай жатыр. Жұп-жұмыр келген киноларды көріп үйренген соң, көрермен осындай туынды күтеді.

Өзімізге аян, отандық кинолар әлі күшті қарқын алған жоқ. Бас-аяғы жоқ, ашық-шашық. Ой түйінделмеген, мақсат айқын емес. Дегенмен де, басқа мемлекеттің кино продуктысын ысыруға әрекет етіп жатыр. Жиырма жыл бұрын қаланың кинотеатрында "Титаник" болып жатыр деп естіп, еліретінбіз. Ол заман, қазіргіден басқа. Қазір, кино көргің келсе қолыңда тұр. Таңдағаныңды көр. Жаңа шыққан, оскар алған фильмді сәл күте тұрсаң ютубта пайда болады.

Ал, өзіміздің кинолар әлемдік аренаға шығатын күйі де, күші жоқ екенін біле тұра жапырылып кинотеатрға барып, өз киномызды көріп жатырмыз. Ол әр қазақтың патриоттық сезімінен пайда болған қолдау деп түсінемін. Ал, киноның сапасы сын көтермейді. Идея жоқ, ой-шашыраңқы. Көбінде қазақ тілін мазақ еткен, мәртебесін төмен түсірген сюжеттер.

Осы "Бизнес по казахски в....", "Каникулы оффлайн", "Гудбай, мой бай", "Келінка Сабинка", "Құдалар" т.б. киноларда тұрмысы төмен, баласы мен кредиті көп, ауылдан келген ақымақтау кейіпкерлер қазақ тілді болып келеді. Орыс тілділер табысты, ақылды, әдемі. Осы фильмдерді "жасаушылар" ауылдан шыққан өз қазақтарымыз. Қазақстандық жаңа кинокомедияның барлығы қазақ тілін мазақ тілі етуге бағытталған. Өзімізге өзіміз күліп, арзан күлкіні сатып алып жүрміз.Сатушы да, сатып алушы да қазақ.

"Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер" дейді. Бәлкім, комедия жанрындағы бейшара қазақ тілінің рөлін басқа нәрсемен ауыстыратын уақыт келген шығар?

Жыл сайын осы кинолар сериялға айналып барады. Бір жылда бір кино түсіріп, ақша жасаған жақсы-ақ. Дегенмен де, сапаға да мән беру керек қой. Соңғы "серияларының" дәмі кетіп, тұзы азайып барады.

Дворцевой "Айка" фильмін 5 жыл, әлде 7 жыл түсіріпті. Оқиға барысы бес күндік қана өмір. Бірақ, осы фильмге кеткен көп жылғы еңбек ақталды. Киноның майталман, көзі қарақты сарапшылары еңбекті, идеяны көрді, ұқты. Әділ бағалады.
"Қыз Жібек" те ұзақ уақыт түсірілген фильм. Әлі күнге дейін мазмұн-мәнін жоғалтқан жоқ.

Ал, қазіргілер сценарийді жазып отырып, киноны түсіріп отыра ма, әйтеуір жылдам. Санға көңіл бөлініп кетті, сапа жайына қалды. Шикі туындылар туып жатыр. Бәлкім, қазақ киносын жасап жүрген жігіттер ойланар...

Айнұр Сағиева
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 946    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30