Біздің қоғамдағы кейбір лап етпе мінездер осы құбылысты еске салатындай

24 қазан 2020, 11:54

Баяғыда "Құмырсқа-қазақты" жазғанда мынадай қызық дерекке жолығып едім. Құмырсқа деген өте еңбекқор жәндік кейде жолынан жаңылады екен. Мәселен қартайған, ұйқысы қашқан бір құмырсқа ертемен дән іздеп илеуден шығып кетеді. Алжи бастаған байғұс таңалакеуімде жүрісінен жаңылып илеуді шыр айнала береді. Сәлден кейін өзге жәндіктер жыбырлап шығып, жаңағының ізіне түседі. Сөйтіп илеудегі бар құмырсқа бір-екі тәулік ұясын шыр айнала береді. Бір-екі жұмысшы қүмырсқа ес жиып әлгі айналмадан шығып, тірілерін соңынан ілестіріп әкеткенше илеудің 70-80 пайызы бос жүрістен қырылып қалады екен. Ғылым бұны "Феромонды із" дейді. Құмырсқалар бір-бірінен адаспау үшін жолдарына иісті сұйықтық жағып отырады, алыс жорықтарда адаспауының сыры сонда. Біздің қоғамдағы кейбір лап етпе мінездер осы құбылысты еске салатындай.

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан