Сен тұр - мен айтайын!

Біздің мақтаншақтар "Ойбай, Манчестер Юнайтед Астананы әрең жеңді" деп жалаулатып та үлгерген болар?

  • Біздің мақтаншақтар

    Біздің мақтаншақтар "Ойбай, Манчестер Юнайтед Астананы әрең жеңді" деп жалаулатып та үлгерген болар?

Тарихи матч дегені болмаса, бүгін футбол көрдім деп айтуға қиналып отырмын. 1-0 есебін "Астананың" жетістігі дегеннен гөрі, МЮ-дің қайырымдылығы деген жөн шығар. Басқаларды қайдам, өз басым 90 минут бойы ағылшын жанкүйерлері біз жайлы не ойлады екен деп жер боп отырдым. Аты жер жарады екен деп осыншалықты мандраж ұстауға бола ма?! Допқа иелік етпек түгілі, бір-біріне пас бере алмай масқара қылды ғой қас қылғанда мыналар. Психологтың жұмысы, жаттықтырушының қайрауы - нөл. Мына Мубеле, Янга дегендерді қай данышпанның қандай қасиеті үшін қандай ақшаға сатып алғанын білгім келеді әлі күнге дейін. Я жүгіріп, я теуіп жарытпайтын Мұртазаевты да сүйрей беруді қою керек. Бүгінгі ойын үшін рақмет айтатын бір адам болса, ол - Эрич. Баяғы атақ-даңқының елесін іздеп жүрген "қызыл сайтандардың" бүгінгі ойыны жай ғана бой қыздыру болғанын ескерсек, қалған жігіттерге не айтарыңды да білмейді екенсің... Құдай біледі, ендігі біздің мақтаншақтар "Ойбай, Манчестер Юнайтед Астананы бір доп айырмасымен әрең жеңді" деп алаулатып-жалаулатып та үлгерген болар? Шіркін деймін да, таяқ жесең де бетің мен бұтыңды жауып алып бір орында тура бермей, қол-аяғыңды армансыз сілтеп барып, таяқ жегенге не жетсін?!


Dauren Berikqazhyuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2206    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 11:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31