Сен тұр - мен айтайын!

Біздің полицияға халықпен жұмыс істей алатын, сауатты қызметкерлер жетіспейді

  • Біздің полицияға халықпен жұмыс істей алатын, сауатты қызметкерлер жетіспейді

    Біздің полицияға халықпен жұмыс істей алатын, сауатты қызметкерлер жетіспейді

Иманжүзді, қазақ тілін құрметтейтін жол полициясы инспекторынан айыппұл алудың өзі де бір ғанибет екен. Оқиға былай болды. Қасымда Қайрат деген әнші досым бар, екеуіміз Өскеменнен шыға сала Тарбағатай қайдасың деп ызғытып бара жатқанбыз. (Шындығында жайбасар досымның әдеті кесірінен тойға сәл кешігіңкіреп бара жатқанбыз). Жолдың рұқсат етілген ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 100 шақырым екендігі біле тұра, 120-130 бен ұрып бара жатқанда, қарсы алдымыздан жол патрульдік полициясының қызметтік "НИВА" көлігі шыға келіп, өн бойындағы "мигалка," "сирена," "страбаскоп," "дауыс зорайтқыш" деген сияқты "жанатын-шулайтын" бәлелерін бәрін қосып жол жиегіне тоқтауымызды өтінді. Досым екеуміз сасқалақтап жаналғыш келе жатқандай дайындалып, құжаттарымызды іздеп әуреленіп жатырмы. Сол сәтте өңі жылы бір полиция инспекторы: "ассалаумағалейкүм аға, жолыңыз болсын, қайда сонша асықтыңыз" деп жылы амандасып,тереземіздің қасына келіп күлімсіреп тұр. Діңк-діңк еткен, түрі сұсты "робот-полицейді" күтіп сұстанып отырған біздер бірден жадырап сала беріппіз ғой. Сөйтсек біз тежегішті басқанша "радар" деген бәле жылдамдығымызды "115 км/сағат" деп қағып үлгеріпті. Жолдың тар және сапасының нашар екендігін, жылдамдықты 20 км/сағат асырудың қауіптілігі, айыпұлдың да аз емес екендігі жайлы жанашыр-ақылын да айтып үлгерді де: "ренжімесеңіз минимальный жазып берейін, аға",-деді. Келіспеске амал жоқ, кінә өзімізден. Ең қызығы әлгі мың болғыр инспектор: "аға, қазақ елінде тұрамыз, мемлекеттік тіл қазақ тілі ғой, қарсы болмасаңыз хаттаманы қазақ тілінде толтырайын",-демесі бар ма. Әлгінің сөзіне қатты риза болып кеткенім соншалықты: әй, бауырым, мына полицияда сен сияқты қазақтың жігіттері көп болса игі еді, "максимальный штраф" бірақ жаза салшы, түк ренжімеймін-дедім күліп. Инспектор хаттамаға 5 АЕК айыппұлын жазып берді де, "жолыңыз болсын аға, аман-есен жетіңіз, мен де Тарбағатайдың азаматымын, ауылға сәлем айтыңыздар" деп "ақ батасын беріп" шығарып салды. Міне біздің полицияға халықпен жұмыс істей алатын, туыстық-жершілдік аурудан таза, коммуникативтілік қабілеті жоғары, қақтығыстық жағдайдан оңай шыға білетін, құқықтық жағынан сауатты, осындай қызметкерлер жетіспейді.


Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 810    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.01.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30