Сен тұр - мен айтайын!

Біздің сауатымыз туыстар есебінен тиынымызды түгендеуден аспай отыр....

  • Біздің сауатымыз туыстар есебінен тиынымызды түгендеуден аспай отыр....

    Біздің сауатымыз туыстар есебінен тиынымызды түгендеуден аспай отыр....

 Құқықтық сауат дегенді қате түсініп жүрміз-ау осы...

...Үйінен баяғыда ұзатылып кеткен қыз қара шаңырақтағы інісінен үлес даулап келді жақында. "Заң бойынша мұраға таласа алады екенмін" дейді тепсініп.

...Күйеуі қайтыс болған келіншек жалғыз баспанадан ата-енесін қуып шықпақ. "Күйеуім екеуміз салған үй. Осы уақытқа дейін шыдадым. Енді жөндерін тапсын, менің де жеке өмірім бар" дейді қатайған келін.

..."Күйеуім жерді анамның атына рәсімдейік дегенде арам ойым болмап еді. Бала күтіміне деп түскен ақшаны, жиған-тергенімді түгел үйге салдым. Соңғы кезде әр нәрсені сылтау етіп ажырасатын болды. Маған үлесімді беретін ойлары жоқ. Енді қайда барамын?" Дейді бөпесін көтерген тағы бір келіншек.

...Отыз жыл отасқан күйеуін үйінен қуып шыққан әйелді де көрдік. Өзі өмірі жұмыс істемеген. Бірақ, екі қабатты коттедж, бірнеше қымбат көлік, базардағы контейнер әйелдің атында. Жол полициясында қызмет еткен күйеуі жиған-тергенін әйелінің атына жаза берген ғой. Опасыздық жасайды деп ойламаған шығар. Ал әйелі еш мәмілеге келер емес. "Бауырымыз зейнетке шығып демалар шағында далада қалды. Мына әйел көп дүниені бауырларының атына аударып тастапты. Осындай да бола ма?" Дейді жол сақшысының екі әпкесі. Солай болмаса сіздер редакциядан көмек сұрап келер ме едіңіздер...

...осындай жағдайларға қарап түйгенім, біздің құқықтық сауатымыз өскен жоқ. Біздің сауатымыз жақындарымызды жабырқатудың, туыстар есебінен тиынымызды түгендеудің деңгейінен аспай отыр....


facebook.com




Көрілген: 813    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 16:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31