Сен тұр - мен айтайын!

Біздің теңгеміз неге қырғыздың сомынан қауқарсыз?

  • Біздің теңгеміз неге қырғыздың сомынан қауқарсыз?

    Біздің теңгеміз неге қырғыздың сомынан қауқарсыз?

ҚЫРҒЫЗДЫҢ СОМЫ НЕГЕ ТЕҢГЕДЕН ҚЫМБАТ?

БҰЛ ЕС БІЛІП ҚАЛҒАН ҮЛКЕН НЕМЕРЕМНІҢ СҰРАҒЫ.
Екі ай бұрын жабылып қалған валюта айырбастау тірегінің алдындағы түрлі-түсті шамдар қайта жана бастапты. Доллар бағамы ұшып, қарапайым адамдардың қолы жете бермейтін биікке шығандап кетіпті. Сондықтан, оны өткізіп жіберіп, қырғыздың сомына көз тіктік. "Алдағы жазда Ыстықкөлге бара қалсақ, қажеті боп қалар" деген, пендешілік ой баяғы.
Құдай-ау, мына сомыңыз карантинге дейінгі қалпынан еш мызғымаған - біреуі 5-6 теңгеге түсіп тұр! Орыстың рублі де сол шама! Шынымен, неге бұлай, а?

Ауыздығымен алысқан алып Ресейді айтпай-ақ қояйық. Сақылдаған зауыт-фабрикасы, мұнайы, самолеті, танкісі, кемесі, машинасы, жеңіл өнеркәсібі бар. Орманы, ағашы, бидайы, азық-түлігі, еті, балығы тағы бар.
Ал, мына кішкентай қырғыздың олармен терезесі тең тұрғаны қалай? Не зауыты, не мұнайы жоқ. Рас, аздаған сауда-саттығы, атшаптырым Дордой базары бар. Бірақ, ондай базардың "көкесі" Қазақстанда жетерлік! Оның үстіне, аста та, төк мұнайымыз, астығымыз қаншама! Ендеше, неге біздің теңгеміз қырғыздың сомынан қауқарсыз?
Әңгіменің түп төркіні - осы экономиканы басқару мен жүйелі жүргізудің кемшіндігінде болып тұр-ау деймін. Екінші кілтипан - елді жайлаған жемқорлықтың асқынуы. Басты екі себебі сол болар...
Ал, енді оны жас балаға қалай түсіндірерсің?
Алдымен, оны мына үлкендер, өзіміз дұрыстап ұғынып алайықшы!

 

Қайым-Мұнар Табеев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30