Біздің түбімізге жеткен жоғары мінберден айтылып келген жалған статистика

21 қаңтар 2022, 15:00

Біздің түбімізге жеткен жоғары мінберден айтылып келген жалған статистика
"Жұмыссыздық мынша пайызға азайды, орташа жалақы екі жүз пәленбайға жетті" деген өтірік есептер бір-ақ күнде артымызды ашып берді.
Сонымен, Президент бүгінгі жиында не айтты? "Қазақстан байлығының тең жартысы 162 адамға тиесілі, халықтың көбінің айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Әрине, мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес. Бұл жағдай ары қарай жалғаса алмайды",-деді.
Бұл бұрыннан бәріміз білетін ақпарат еді.
Мәселе Тоқаевтың мойындағанында. Назарбаев кезінде" айлықтарың 500 мың" деп еді, Тоқаев 50 мыңға бірақ түсірді...
Бір нәрсе анық. Газ, бензин, коммуналдық қызмет, азық-түлік қымбаттамаса арзандамайды. Бағаны қолдан ұстау  экономикаға тиімсіз. Бізге халықтың табысы мен еңбек өнімділігін арттыру қажет (Өңдеу мен өндіріс, жаңа жұмыс орындары).
Енді іс жүзінде нақты қадамдар күтеміз.

facebook.com