Сен тұр - мен айтайын!

Біздің заң вообще бірнәрсені ойлап табуымызға да шектеу қоя салмай ма осы, а?

  • Біздің заң вообще бірнәрсені ойлап табуымызға да шектеу қоя салмай ма осы, а?

    Біздің заң вообще бірнәрсені ойлап табуымызға да шектеу қоя салмай ма осы, а?

Дауасы жоқ дерт

Бізде экономиканы әртараптандыру мәселесі жиі айтылады. Бірақ ел ретінде голланд дертінен әлі айыға алмай келеміз. Себеп не, кедергі қайсы?
Шикізатты экспорттап қашанғы қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарқ болып еді? Шикізат экспорты алпауыттардың сұранысымен өлшенеді. Сол үшін шикізатты құр шетел асырмай бірдеңе ойлап табуымыз үшін бізге не керек? Шикізатыңыз дамушы елдерден дамыған елдерге кетеді. Ол жақ сапалы өнім шығарады. Сосын өзің аласың... қымбатқа... бұлай жүре берсек дамушы ел статусынан шығар күн туа қоймас. Мұнай мен газға тәуелділік...
Әлемде темірі жоқ елдер көлік шығарады. Аламыз. Бізде Менделеевтің таблицасындағы элементтің бәрі бар дейміз... Неге бірақ содан өндірілетін өнім тапшы? Ferum жеткілікті, отандық көлік жоқ... Есесіне импортпен келетін көліктер...
Анау бар, мынау жоқ. Мынау бар, анау жоқ... Адам бар, маман жоқ. Маман бар, қолдайтын қадам жоқ. Сонсоң бізде сөз бар, ең бастысы іс жоқ. Лицемерлері көп елде бәрін ауыз істейді.
Шуда бір азамат өзі көлік жасап шығарды. Қолдауды айтамыз, көңіл бөлу жоқ. Ол көлігін сол Шуда айдап жүре алмайды. Заң не позволяет... Онда біздің заң вообще бірнәрсені ойлап табуымызға да шектеу қоя салмай ма осы, а?
Дамыған елдерде қалай? Жаңа нәрсені ойлап тапсаң, оны өндіріске шығаруға қол ұшын береді деседі...
Қарапайым мысал. Консерві аласың. Сыртындағы жазу: Эстония, Латвия, Литва. Не болды? Бізде балық жоқ па? Экспорт... Тұра тұрыңыз... Елімізге бере алмай отырған консервідегі балықты шетелге шығару... утопия секілді... біздің елде прибалтиканың өнімі де бренд. Не то что дамыған елдер...
Қысқасы шикізатқа тәуелділік елді алысқа апармайды. Экспортқа шикізатымызбен емес, жаңалығымызбен бармасақ, голланд ауруынан ешқашан құтылмаймыз... Құрбандық буын кетіп бара жатыр. Он бестегі балалардың қабілетіне қақпақыл болмайтын күнге жетер ме екенбіз?

Табигат Абаилдаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31