Сен тұр - мен айтайын!

Бізге жауды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Өзімізді-өзіміз-ақ талап тастаймыз

  • Бізге жауды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Өзімізді-өзіміз-ақ талап тастаймыз

    Бізге жауды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Өзімізді-өзіміз-ақ талап тастаймыз

Ой, Алла-ай?! Бізге ешқашан, ештеңе жақпайды ә?.. Кеңестің 70 жылы мен кейінгі 30 жылды қосқанда =100 жыл бойы өз туын жалаулатуға мұршасы болмай, бұқпантайлауға мәжбүр болған солтүстіктер бір атқа қонып, көк туын желбіреткен екен, тазша талардай не болды?! Бұрын, шетелге шыққанда: бұтында шорти, иығына туын жамылып алып, кока-коласын бөтелкесінен ішеееп кетіп бара жатқанды көргенде, өзімнің тап солай емін-еркін туымды жамылып жүреалмайтыныма ішім у-дай ашып, ыстық жасым ыршып түсетін. Далақтады дейсіз... Бар мәселе - далақтаудан басталады! Бұған дейін туымен далақтауға жасқанатын. Ашығын айтсақ - қорқатын! Ұра берсе - Құдай да өледіні ұқты. Демек, кеудесіне еркіндік ауасы енді кірді. Көршіге құл еместігін: өз туы, өз жері, өз тілі барын, бағымсыздықты бабалары аттың үстінде, толарсақтан қан кешіп жүріп алып бергенін енді сезінді. Алдымен емін-еркін далақтап алсын, сосын ... Туды тұғырынан түсірмеуге өздері-ақ әрекеттенеді. Не ғой, "супер мәдениетті" асыра қолданғанның арқасында туымызды ұстауға жасқанатын едік, мына жігіттерге "асыра мәдениеттілікті" көрсетпей, тым құрығанда бір рет еш жалтақсыз - Тәуелсіз елдің жігітіндей көсілте шапқанын балағаттамаңыздаршы?! Осы "асыра мәдениеттіліктен" шаршадық! Атқа мініп жалаулатқан бабаларды бір рет еске алғаннан "супер мәдениеттілігіміз" бен "супер білімділігіміз" қисайып қалмас?! Бізге жауды алыстан іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Біз, өзімізді-өзіміз-ақ талап тастаймыз. Осындайда:"қазақ, бірін-бірі өздері-ақ аяқтан тартып құтқармайды "- деп, басқа ұлттардың зынданына тор құрсап, құлыптап, ол аздай екі жағына екі жасауыл қойып, ал... қазақтар жатқан зынданның бетіне тор да қоймаған қытайдың ақиқаты шымбайға батады екен?!. Пікірім ұнамағандар еш алаңдамастан достықтан шығара беруіңізге болады!

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1661    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31