Сен тұр - мен айтайын!

Дәл осы аңғалдықтарыңызбен сіздер ешқашан байымайсыздар

  • Дәл осы аңғалдықтарыңызбен сіздер ешқашан байымайсыздар

    Дәл осы аңғалдықтарыңызбен сіздер ешқашан байымайсыздар

 Аңқау елім-ай...

«Аңқау елге – арамза молда...»

Кейде, оннан он екі кеткенде немесе тоғыздан отыз төрт кеткенде, әйтеуір, тәуліктің кез-келген сәтінде арамзалығым қозып кететіні бар.
Аңқау елді алдап жатқан анау арамзалардан қай жерім кем? Жо-о-оқ, кешіріп қойыңыз, мақтанды демеңіз, мен олардан әлдеқайда мықтымын һәм шешенмін, сауаттымын. Онда неге мен де солар құсап аңқау елді пайдаланып шіріп кетпеймін а?. Ар, ұят жібермейтін шығар дейсіз бе? Тағы да кешіріп қойыңыз, мен өзімді ондай қатты арлымын, ұяттымын демеймін. Әй дегенмен бетімнің қызылы бар екен... Қорқушы едім, осы менде ұят бар ма деп? Бар екен. Мені ондайға жібермей тұрған елдікіндей болмаса да өзіме тән құттай ғана ұятым бар екен. Әйтпесе бар ғой жүз мың теңгелік айлыққа күнімді қаратпай, аналар құсап ауадан ақша жасар едім.

Мынау елдің аяйтын ештеңесі қалмады. Осыларға жынданғанда бар ғой мен де семинар өткізгім келеді. Әрине тегін емес. Ақылы! Және бағасы жеті мың теңге. Неге жеті мың теңге дерсіз, білмеймін. Аузыма түскені осы болды. Жұрттар жеті деген киелі сан деп шулап жатар, мен ондай ештеңе ойламадым. Сегіз мың дей салсам да болады. Онда да жұрт бірдеңе шығарады. Сегізді құлатсаң, шексіздіктің белгісі деген сияқты. Әйтеуір ақылы болады. Тақырыбы кішкене ерекшелеу болады. «Кедейліктен шаршадыңыз ба?..» Астары қандай терең, ә. Па, шіркін. Белеттар сатылып жатыр. Қатын ол Каспий голды пиқылдаған сайын жоспар жасап әлек. Ана бөлмеге перде, мына жерге кампотырный стол, ана бөлмеге кілем... Әй, қоя тұршы, алдымен өткізіп алайық деймін ғой мен. Сөйтем да өткіземін. Тақырып белгілі. «Кедейліктен шаршадыңыз ба?..» Мотиват сый иә. Зал толды. Байғұстарым-ай, бейшараларым-ай, сауатсыздарым-ай, қайыссыңды құшақтап өкіріп жылайын. Осынша надан боларлықтай не жазып қойып едіңдер? Ақкөңілдерім-ай, ақпейілдерім-ай, сендердің жүздеріңе қалай тіке қарай аламын мен. Жоқ!!! Маған босамау керек! Ана бөлмеге перде, кампотырный стол, кілем, т.б.
Сонымен семинар тренинг басталады. Және бұл семинар ұзаққа созылмайды. Сосын мен шығамын да айтамын.
-Құрметті аңғал жұртым деймін. Сауатсыз деуге аузым бармайды. Әйтпесе айтатын-ақ жер. Құрметті аңғал жұртым, дәл осы аңғалдықтарыңызбен сіздер ешқашан байымайсыздар. Құдай перзенттеріңізге бақ беріп, құт дарытып, солар арқылы байытпаса, сіздер мынадай деңгеймен байымайсыздар. Кедейліктен шаршадыңыздар ма? Ни че үйреніп кетесіздер деймін. Бітті.
Алла-ай, еліме тыныштық пен берекемен қоса аз-кем сауат берші.
Ал ана "арамза молдалардың" тізімін жасап, тарих тақтасына жазып қою керек. Аршат еске салғандай, епті байымайд...\

facebook.com  парақшасынан 




Көрілген: 847    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 18:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30