Сен тұр - мен айтайын!

Дәл осындай сәтте дәл осындай пиар қажет пе еді?

  • Дәл осындай сәтте дәл осындай пиар қажет пе еді?

    Дәл осындай сәтте дәл осындай пиар қажет пе еді?

Әріптесім, бауырым, інім, пресс-хатшы Самат Сүлейге
Қазақта, "қаралы үйде қазан көтермейді" деген бар. Жамбыл жұрты 15 боздағынан айрылып қан жұтып отыр. Әлі бөлшек-бөлшегі шыққан денелер табылған жоқ! Ата-ана, туған туысы қираған қойманы маңайлап, соңғы үміттерін сарқып, сарылып жүр. Сен бүкіл облыстың имиджін қалыптастырып, пиарын жүйелеп отырған азаматсың. Рас, кеше конституция күні. Жаңа нысандар ашылып халық игілігіне берілетін жақсы дәстүр. Бірақ сол шараларда штаб бастығы, облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының жүретін жөні ме?
Қайғылы оқиға болмай тұрып жоспарланған шаралар, түзілген график шығар. Сол графикпен ол кісі барды, нысанды ашты, лентаны қиды. Бірақ қасында сен барсың ғой..
Мұндай жағдайда болмайтынын, оғаш көрінетінін, жақындарынан айрылған жандарға ауыр тиетінін бір ауыз айтпадың ба? Онсыз да кімді кінәлап, кімді қуырып жерін білмей отырған жұрттың табағына Сапарбаевты тағы да салып бердің ғой..
Кешегі аттан салған ақпараттарыңды қарашы енді..?
" Сапарбаев ерлікпен қаза тапқан азаматтардың ұл-қыздарына наградалар таратты" деген материал шықты. Жөн дедік. Берсін.
Артынша, "тағы бір адамның мәйіті табылды, (оның өзін ит тапты)туған туыстары тану үшін жиналды" деген қасіретті ақпарат аһ ұрғызды.
118 нысан қираған, баспанасыз қалғандарға көмек беріледі. Екі айда тұрғызамыз, демеушілерден де көмек жинаймыз деген сюжет берілді. Кадрде қираған үйлер, жұртта қалған жұпыны халық.
Іле-шала Сапарбаев 15 мөлтек ауданда жаңа пәтерлердің кілтін табыстап, лентасын қиып жатыр. Шаттанған жұрт, шіренген шенеунік, дүңкілдеген музыка, жалынды құттықтау сөздер.
Одан кейін ауруханада ауыр хәлде аман қалған өрт сөндірушінің өзек өртер шындығы берілді. Жүрегі бар адамды селт еткізетін сұмдық сюжеттер.
Ерегескендей, сәлден соң салаң етіп салтанатты тағы бір ақпар шықты. Сапарбаев жаңа емхананың лентасын қиып, ақсақалдар алғыс жаудырып жатыр.
Одан кейінгі тіпті жаңа мектеп те емес, мектептің жанынан ашылған қосымшаның салтанатты ашылуын айтқым да келмеді.
Енді айтшы өзің, дәл осындай сәтте дәл осындай пиар қажет пе еді?
Идеологиясы екі бөтелке арақтан аса алмайтын саясаттағы Бейқұт емессің ғой сен?!
Орталық көрген, ысылған, тіс қаққан тілшілігің бар. Жарнама аса қажет болып, ақпараттық поляны позитивпен жапқың келсе , нөмірі 2-ші пиаршик Жылқыбаевты жібере салмадың ба? Автобуспен барып лентасын қиып, лепіріп қайтатын еді.
Осыны бір ақсақал айтатын шығар деп едім, ол кісілердің барлығы сол жерде шапалақ ұрып шаттанып тұр екен.
Қатты айтсам ренжіме! Әруағын сыйлайтын аталы жердің баласы болғасын айттым.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2587    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 01:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31