Сен тұр - мен айтайын!

Далбасалап, "позитив" немесе "бүгінмен ғана өмір сүрейік" деп кетуіміздің сыры да сонда

  • Далбасалап,

    Далбасалап, "позитив" немесе "бүгінмен ғана өмір сүрейік" деп кетуіміздің сыры да сонда

Үрей билеген заман...
Бүгін таң атпай "доллар ұшты", "мұнай құлдырады" деген ақпарат жүректі зырқ еткізді. Онсызда бәріміз "Ақшам болмай қалса, не істеймін?" деген үреймен күн кешіп жатқанда бұл да бір жығылғанға жұдырық болды. Себебі бәрімізде несие бар, қала берді күн сайын баға да шарықтап барады.
Содан келіп шығатын тағы бір үрей - "Жұмыстан шығып қалсам қалай күн көрем?" деген ой. Шықпақ түгілі, бір күн жұмыс істемей қалсақ, "ертең не жеймін?" дейтін халге жеттік. Рас қой?
Жалпы, "Ертең не болар екен?" деп ойланудан да қорқамыз. Себебі күн, тіпті сағат сайын жағымсыз жаңалық естиміз. Бірінен бірі өтеді: "бір отбасы өртеніп кетіпті", "әкесі қызын зорлапты" деген тұрмыстық деңгейдегіден бастап, "бәлен жерде соғыс басталыпты" деген сияқты әлемдік деңгейге дейін. Соның бірден бірі - КОРОНАВИРУС! Күн санап өршіп бара жатқан бұл ауру алақандай ғана ауылдан шығып, күллі ғаламды шарлап кетті. Бүгін ана бұрыштан, ертең мына бұрыштан шыға келетін "тажалдың" қорқыныштылығы да сонда, оның қай тұтқиылдан, қашан сап ете қаларын ешкім де білмейді. Ол туралы дақпырттың өзі жетіп-артылып жатыр, біз қазір біреу түшкіріп не жөтеліп қалса бітті соған күдікпен қарайтын болдық. Қала берді жанұшыра маска сатып алып жатырмыз. Сол бір жанымызды алып қалатындай. Әйтпесе, Құдай бетін аулақ қылсын, шындап ауру келсе, оған қалқан болуға масканың түк қауқары жоқ. Яғни, аурудың өзі емес, "даңқының" өзі әлемді уысында ұстап отыр. Кейде маған "осы ауру әлдебіреулердің әлемді тырп еткізбей ұстау үшін ойлап тапқан құралы емес пе екен?" деген ой келеді. Себебі үрей билеген елді бағындыру оңай. Кім де болса, қорқынышқа бой алдырған халықтың күйін көріп рахаттана күліп отырған шығар...

Ал, бұлай сан түрлі үрейдің ортасында өмір сүру бүгінгі ұрпаққа берілген сынақ па, жаза ма, сондай бір нәрсе боп тұр ғой. Далбасалап, "позитив, позитив" немесе "бүгінмен ғана өмір сүрейік" деп кетуіміздің сыры да сонда. Әйтеуір өзімізге бір мән тауып алу ғой. Сосын ойланбаудың амалы...

Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2020, 19:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31