Дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деген амбициямыз жыл сайын кері кетіп барады

13 мамыр 2023, 13:37

ПАРАДОКС!!!
Кеше еліміздегі ең бай 50 адамның тізімі жарияланды. Соның 49-ы өз рейтингін сақтапты. Биыл Форбстың тізіміне тек Михаил Ломтадзе кірмей қалған. 50 адамның бар байлығын қосқанда 23,9 млрд $.
Ал, бүгін еліміздегі кедейлердің статистикасы шықты. Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 1 миллион адам бір үзім нанға зәру екен. Биыл сол тышқақ лағы жоқ бейшаралардың қатарына тағы 40 мың адам қосылыпты. Яғни, былтырмен салыстырғанда елімізде кедейлер саны көбейген.
Дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деген амбициямыз жыл сайын кері кетіп барады.

Фейсбуктегі парақшасынан