Сен тұр - мен айтайын!

Дамыған мемлекеттерде жұмыс істемей балаларының жəрдемақысына жақсы өмір сүретіндер бар

  • Дамыған мемлекеттерде жұмыс істемей балаларының жəрдемақысына жақсы өмір сүретіндер бар

    Дамыған мемлекеттерде жұмыс істемей балаларының жəрдемақысына жақсы өмір сүретіндер бар

Нағима Өтеулі есімді фейсбуктес дос 21 мың жəрдемақыны алып, жұмысынан шығып алып үйінде отырған көпбалалы аналар барын тілге тиек еткен екен бір постыма жазған пікірінде. Мен Нағимашқа мынандай жауап айтар едім.

Болымсыз ақшаға бола (əр балаға берілетін 21 мыңды көп деп ойламаймын) жұмысынан шығып алу, əрине, біз үшін теріс көрінуі мүмкін. Бұрын-соңды сол болымсыз ақшаның өзіне жете алмай отырған бейшара ана аяқ астынан байып қалғандай болып тұр да. Сасқан үйрек артымен жүзер деген.

Ал дұрысын айтар болсақ, көп балалы анаға жұмыс істеп қажеті жоқ. Үйінде отырып балаларын тəрбиелесін. Елін, жерін қорғайтын, отансүйгіш ұрпақ өсірсін. Бар күшін соған салсын. Ал мемлекет көп балалы аналар жұмыс істемей-ақ алаңсыз, лайықты өмір сүре алатындай жəрдемақы төлеуге міндетті. Өйткені сол аналар мемлекеттің күшін нығайтуға ат салысып отыр. Батыс мемлекеттерінің əйелдері секілді тумай қойса қайтер еді? Əлде мемлекетке бала керегі жоқ па? Олай десе ашығын айтсын, тумаңдар деп. Қытайдағыдай заңмен шектеу қойсын. Бірақ біз қытай секілді көп емеспіз ғой. Ен даламызды қайтіп толтырамыз деп отырған жоқпыз ба? Əлде ата-бабамыздың қасық қанымен сақталған мұрамызға бөтендер иелік қылсын ба?

Дамыған мемлекеттерде 4 балалы отбасында əкесі де, шешесі де жұмыс істемей-ақ балаларының жəрдемақысына жап-жақсы өмір сүретіндер бар. Мысалы Англияда солай.

Жеріміздің асты мен үсті толы байлық, біз неге ондай бола алмайды екенбіз?


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1195    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 13:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31