Сен тұр - мен айтайын!

Даниал Ахметов халықтың мұң-мұқтажына "қырын" қарайтындығын көрсетті

  • Даниал Ахметов халықтың мұң-мұқтажына

    Даниал Ахметов халықтың мұң-мұқтажына "қырын" қарайтындығын көрсетті

"Айтпасаң сөздің атасы өледі"...

Өкінішті.

Ертең, осынау қиғаш қадамдарына қатысты, әттеген-ай айтатындығы анық. Өйткені, Даниал Ахметов тәрізді тәжірибелі, шаруашылықты дөңгелетуге қабілетті дейтін азаматтар қаракөздің әлеуметтік психологиясын түсінбейді, халықтың шынайы мұң-мұқтажына "қырын" қарайтындығын тағы да көрсетті. "Қызыл директор" дегендер болған кезінде, кеңес заманында ірі шаруашылықтарды басқарып, жоспарлы экономика кезінде қызмет істеп, ұжымның мүдделерімен келіспей шешім қабылдайтын "қырсық" басшылар. Халықтың айтқанын істесе, "тағынан" түсіп қалатындай әсер алады, олар. Өздері тәкапар, менменшіл, халыққа менсінбеген көзқараспен қарайды. ШҚО-ның басшы да сол "қызыл директорлыққа" салынып отырған тәрізді. Өздері басқарып отырған жердің тарихында, халқының мінез-құлқын да түсінбейді, түсінуге пейіл де танытпайды. Біле-білген адамға Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай, Марқакөл, Тарбағатай аудандары қазақ халқына біздің ата-бабамыздың қаны, олардың қаншамасының қиылып кеткен өмірі арқылы келген, ол жерлер үшін бүкіл қазақ қанқұйлы соғыса отырып, иеленген. Сол ата-бабамыздың ерлігі, өрлігі, бізге деген қамқорлығының арқасында келген жерлерден бүгінде, ел аман, жұрт тынышта халық үдере көшіп жатыр. Неліктен? Халық Үкіметке, мемлекетке жақын болғысы келеді. Сондықтан орталыққа Өскемен, Семей, Алматы, Нұр-Сұлтанға ауып жатыр. Шекара бос қалды. Сол шекараға бекет ретінде, аудандарды қалыпқа келтіру жөніндегі жергілікті халықтың "зар-айғайын" облыс әкімі Даниал Ахметов елегісі де келмейді. Халықтың жан-тәнін түсінбеушілік дегеніміз осы. "Халықты тыңдауға қабілетті мемлекет" бұл шенеуіктер үшін жәй ғана сөз. Ешқандай құндылығы, мәні жоқ. Бұл мәселе тек облыстық деңгейде емес еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсері бар республикалық мәселе. Сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламент депутаттарына осы мәселені мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарастыру үшін үндеу жариялаймын! Бұл еліміздің территориялық тұтастығының негізгі мәселесі.

"Арғымаққа міндім деп, артқы топтан адаспа. Күнінде өзім болдым деп, кең пейілге таласпа!" деген қанатты сөзді бұл кісілерге кім айтар екен?

Ал, дәл осы кезде, халық босып көшіп жатыр, ақсақал мұңын айтар адам таппай сабылып, облыс басшылығының табалдырығында жүр, аудандар тоқырап жатыр. Бүгінгі күннің шындығы осы.

Облыс басшысында пейіл болмаса, халықта қандай мейір болмақ?

Арты дұрыс болсын...


Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1713    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 12:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қаңтар, 12:10
    Күйдірдің ғой ит-ай!
    31 Желтоқсан 2019
    Әкім болудан қорқамын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31