Сен тұр - мен айтайын!

Дәрігер жұмысқа барарда «Қой, бүгін бес-алты адам өлтіріп келейін» деп шықпайды ғой

  • Дәрігер жұмысқа барарда «Қой, бүгін бес-алты адам өлтіріп келейін» деп шықпайды ғой

    Дәрігер жұмысқа барарда «Қой, бүгін бес-алты адам өлтіріп келейін» деп шықпайды ғой

Дәрігер адам өлтірмейді!

Көбіне үлкен кісілер «ойбай, дәрігерге қаралсаң өлтіретін көрінеді» деп ауруханадан қашатынын байқаймын. Бұл енді надандықтың сорақы түрі! «Неге олай ойлайсыз?» десең, енді «болжамдары рас келіп отыр емес пе, қалай емдейтінін өздері де білмейді» деп күйдіреді ғой. Ауру жаңа шыққан, зерттеліп жатқан ауру ғой, қайдан біледі, құдай емес. Заң да бар, заңмен жүрмесе, бекітілген протоколмен емдемесе тағы болмайды. Ал болжамды, яғни ауру қай кезде ушығуы мүмкін, қанша адам ауруы мүмкін деген болжамды ғалымдар жасайды және ол дұрыс шығып жатады. Себебі ол вирусологияның короновирусты зерттейтін саласы сияқты емес, бұрыннан бар ғылым.
Осындағы бір кісі айтпақшы, дәрігер таңертең жұмысқа барарда «Қой, бүгін бес-алты адам өлтіріп келейін» деп жұмысқа шықпайды ғой. Олар әр адамның өміріне жауапты, өзімен өзі өлген бір адам, осының алдында жедел жәрдем шақырған болса, оның бүкіл сиптомдарын сипаттап бере алуы керек. Ол жазылып тұруы керек. Жазып қою да оның жұмысы.
Қараңғылықты қояйықшы! Менталдық саулық деген бар, ол адамның түсінігіне байланысты саулық. Түсінікті кеңейтейік, ауру алыс жүреді.
Байқағаным, осындағы адамдардың көзі қарақты, яғни мұны кімге айтып отырғанымды білмеймін. Бәлкім, жан-жағымыздағыларға, уатсаппен өтірік әңгіме тарататындарға айтыңыздаршы дегім келген шығар.

Бану Даулетбаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2410    Пікірлер: 0

сенбі, 07.08.2021, 15:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31