Сен тұр - мен айтайын!

Дайын құжатқа жоқ бапты енгізіп, Сенатқа сып еткізген қулық өтпеді...

  • Дайын құжатқа жоқ бапты енгізіп, Сенатқа сып еткізген қулық өтпеді...

    Дайын құжатқа жоқ бапты енгізіп, Сенатқа сып еткізген қулық өтпеді...

ЫНДАН
( жер кодексі сенаттан қайтыпты, шүкір)

Баяғыда үш жолаушы түнемеге тоқтапты. Ұры-қарыдан қорқып, бар тиын-тебенін бір жерге көміп қояды. Таңда тұрса ақша жоқ. Сен алдың да, сен алдың деп үшеуі әбден қырқысады. Содан Сүлеймен патшаға барып, жүгінеді. Патша тыңдап болып, ұрыны қалай анықтарын білмей, ертең келіңдер депті. Ойланады. Ертеңінде әлгі үшеуі келгенде мынадай мысал айтыпты: Ертеде бір байдың аса ақылды, сұлу қызы болыпты. Сол қызды ұзатпақ болады. Сонда қыз болашақ күйеуіне Менің ғашығым бар, соның разылығын алмай саған жар бола алмаймын , - депті. Жігіт ойланбастан екі ғашықтың кехдесуіне рұқсат береді. Қызды ұзатып әкеле жатқанда көшке қарақшылар шабады. Басшысы қартайған ұры екен. Мол мүлікке, сұлуға қызыққан қарақшы өзіне әйел етпек болады. Сонда қыз ғашығының оқиғасын айтып: Екі жұрттың амандығын ойлап, бала кезден асық болған азамат бақ тіледі, Сізден сондай мейірім табылмай ма? - депті. Жүрегі жібіген қарақшы, ақша, мал-мүлкін қайтарып, тұтқындарды босатып жібереді.
-Міне, - дейді Сүлеймен патша. - Осы үшеунің қайсының адамгершілігі мол, жылап тұрып разылық білдірген ғашық па, болашақ жарының тілеуін берген күйеу ме, әлде жүрегі жұмсақ қарақшы ма?
- Ойбай, әрине сүйгеніне батасын беріп, бақыт тілеген жігіт нағыз адам! - дейді бірінші жолаушы.
- Қой, ей, жарының басқаға ғашық екенін біле тұра жолығуына рұқсат берген күйеу мықты, - дейді екіншісі.
- Мәссаған, - депті үшіншісі. - мол байлықтан, ақшадан бас тарта алған қарақшыныкі оңай емес қой...
Сүлеймен: Ә, ақшаны сен алдың, мойында, ынданың көрініп қалды, деп ұрыны дөп басыпты.
Жер кодексі де таңдайды ынданын көрсетті. Осыған дейін мың, миллион гектарлап иеленіп алғандар жекеменшікке де, мемлекетке қайтқанына да қарсы.
Осыған дейін азын-аулақ мал ұстап, егін егіп келгендер, сол жалдаған жерін меншіктеп қалсақ дейді.
Ауыл халқы қолдағы аз малды бағар ортақ жайылым болғанын армандайды.
Ал, біреулер қалайда шетелдіктерді енгізсек деп жанығып жүр. Дайын құжатқа жоқ бапты енгізіп, Сенатқа сып еткізген қулық өтпеді.

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3797    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 08:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31