Сен тұр - мен айтайын!

Демография баяғыда-ақ орыс мектептерінің жабылуына жағдай жасап қойған

  • Демография баяғыда-ақ орыс мектептерінің жабылуына жағдай жасап қойған

    Демография баяғыда-ақ орыс мектептерінің жабылуына жағдай жасап қойған

Бес жасар қызымды күтіп, балаларға білім беру орталығында отырмын. Бір кезде ауылдан келген, шамасы, оңтүстік жақтан көшкен бір әйел есіктен кірді. Баласын мектепке даярлық тобына бермекші. Бір кезде "Балаңызды қай топқа бергіңіз келеді?"- десе, жаңағы тәтеміз "Орыс тобына!"- дейді ғой... Шыны керек, аулада да байқаймын, ауылдан келген, орысша жөнді сөйлей алмайтын ата-аналар да:"Доча, уот так ізделай, иди на меня"- деп, балаларына қате-қате сөйлесе де, қазақша бір ауыз сөз айтпай, орысша (қате орысша) тәрбиелеп жүр. Сосын біреулер бар:"Немерелеріміз орысша сөйлейді, орысша мультик көргеннен"- деп, мақтанады. Бәрінің диагнозы бір: Комплекс! Кезінде орысша білмегеннен теперіш көрген, енді келіп, ұрпағым "қала тілінде сөйлесін"- деп, қиялдайды. Бірақ олар азшылық екенін түсінуі керек, ертең мұндай ата-аналармен балалары не орыста жоқ (ресей лингвистері жылап отыр, орталық азия азаматтары ұлы орыс тілін бұзды деп...), не қазақта жоқ дүбәра боп шықпасына кім кепіл? Ертең мемлекеттік тіл - қазақ тілін білмегені үшін олар ата-анасына, ата-апасына рақмет демесі де анық. Демография баяғыда-ақ орыс мектептерінің жабылуына жағдай жасап қойған. Бар мәселе арамызда жүрген шолақ ойлы азаматтарымызда...




Көрілген: 1789    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 11:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31