Сен тұр - мен айтайын!

Демократия қайда?: Неге облыс әкімін өзіме әке ретінде сайлап ала алмаймын?

  • Демократия қайда?: Неге облыс әкімін өзіме әке ретінде сайлап ала алмаймын?

    Демократия қайда?: Неге облыс әкімін өзіме әке ретінде сайлап ала алмаймын?

БІЗГЕ ДЕМОКРАТИЯ МЕН КҮРДЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР АСА ҚАЖЕТ!

Мен – Тәуелсіздік құрдасымын, 1991 жылы 16-желтоқсанда дүниеге келген екенмін. Биыл 28-ге толатын сияқтымын. Менің қапа болатыным, отбасымда демократия деген атымен жоқ! Кейде соған қатты күйзеліп кетем. Неге?

Менің әкем – жұмыссыз, анам – еден жуушы. 28 жылдан бері солай сияқты. Біз – кедей емеспіз (Алла сақтасын!), "аз қамтамасыз етілген" отбасымыз. Менің түсінбейтінім тек, мен неге қайбір ауданның не бір облыстың әкімін өзіме әке ретінде сайлап ала алмаймын? Неге Парламент депутаты болып жүрген әйелдердің бірін өзіме ана етіп сайлап ала алмаймын? Бұл не деген әділетсіздік? Неге облыс әкімінің баласы он төрт жасынан бір емес, бірнеше иномарка міне алады да, мен он төрттің екеуіне келсем де, тіпті белсепедке мініп көргенім жоқ? Неге сол Парламент депутатының баласы "пәшкелеп" доллар жарата алады да, менің қолымда ешқашан бес жүз теңгеден артық ақша болған емес?

Мен неге өз ағайын-туыстарымды Алматыдан, нағашыларымды – Атыраудан сайлап ала алмаймын? Демократия қайда? Әділдік қайда? Алматыда өскен балалар ҚБТУ-да немесе ЕҰУ-да, Атырауда өскен балалар оларды да менсінбей, шетелде білім ала алады, ал мен болсам ауылымдағы шаңы бұрқырап тұрған ескі мектептен басқа ештеңе көргенім жоқ? Оны да дұрыстап бітіре алмадым...

Менің бес бауырым бар, олардың жағдайы менікінен де мүшкіл. Соларға қараймын да, жаным ашып кетеді. Неге олар бауырларын министрлердің немесе ұлттық компания басшыларының отбасыларынан таңдап, өздеріне сайлап ала алмайды? Неге оларға өз күнін көре алмай жүрген мен аға болуым керек? Бұл әділетсіздік қашан жойылады?

Мен ойлаймын, демократия деген біржақтама болмауы керек. Біз әр бес жыл сайын өз ата-аналарымызды, ағайын-туыстарымызды, нағашыларымызды, бауырларымызды сайлап алуға құқықтарымыз болу міндетті! Сол құқықтарымызды Конституция арқылы бекітіп алсақ та, артықтық етпейді. Әйел мен қайынжұртты сайлаймыз ғой?! Ұнамаса, оп-оңай ауыстыра саламыз – одан бүлініп жатқан ештеңе көріп жүргенім жоқ! Сайлау жаппай, әділ және ашық болғанын қалаймын!..

Әсет Әссанди
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 1163    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.06.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
24 Қаңтар, 09:57
Сүю деген не өзі?

Көп ашылған Көп пікір жазылған
2020
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
қаңтар
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31