Сен тұр - мен айтайын!

Депутат деген ұғым девальвацияға ұшыраған

  • Депутат деген ұғым девальвацияға ұшыраған

    Депутат деген ұғым девальвацияға ұшыраған

Депутат деген ұғым девальвацияға ұшыраған.
Парламент депутаттар өздерін халықтың өкілінен гөрі, заң шығарушы деп есептейді.
Мәслихат депутаттары бюджетті бекітетін әкімдердің жеке конторын елестетеді.
Яғни, қай деңгейді алып қарасаң да, заң шығарушы жүйе халықтың мұңын ойлаудан гөрі, мемлекеттің қызметшісі тәрізді. Депутаттар өздерін солай сезінеді де. Заң шығару тармақ, Мемлекеттің заң шығарушы органы деген жаңсақ пікір қалыптасқан.

Міне, бұл бұрыс бағыт. Өкінішке орай, бүгінгі депутаттарды солай "тәрбиелеп" қойған.
Біз нақты депутат тұлғалар жөнінде емес, жүйе жөнінде айтып отырмыз. Депутаттардың басым көпшілігі таза, адал, патриот азаматтар. Өзіміздің танысымыз, біреуіміздің туысымыз, біздің қатардан шыққан.
Бірақ, жүйенің ішіне кіргенде өзгереді. Жүйе оларды "сындырып" тастайды.
Заң шығарғанда да біздің депутаттар, "мемлекет мүддесі" тұрғысынан қарауға тырысады. Ал сол мемлекетте азаматтардың тұратындығын, азаматтарсыз мемлекеттің болмайтындығын, заңның азаматтарға қолайлы болуы керек екендігін ойларынан шығарып алады. Мәселе осында.
Біз заң шығарғанның өзінде азаматтарға қолайлылық жағын баса ойлауымыз керек. Өйткені, мемлекет дегеніміз азаматтар.
Тағы бір мәселе, депутаттар моральдық беделі бар, алғыр болулары керек. Пандемия кезінде қай халық қалаулысы бір әлеуметтік инициативамен шықты?
Өкінішке орай, жоқ.
Қазір интернет заманы, ақпарат көп. Шетелде депутаттар әр-түрлі әлеуметтік инициативамен шығып жатады. Бізде жоқ.
Сондықтан, қоғам депутатқа кермек қарайды.
Заң шығарушы тармақтың халық алдында беделі бар, ықпалды тұлғалармен толықсыған, өзінің ойын ашық жеткізуге қабілетті азаматтардан қүралғаны жүйеге қажет.
Егер Парламент мығым, мықты болса, жүйе орнықты болады.
Парламент шын мәнінде Өкіметке әсер ете алатын болса, әділеттілік принциптері пайда.
Парламент саяси әр-тарапты болса, көше стихиясы саябырсынады. Саяси әсіре ағымдар азаяды.
Халық өзінің шынайы қалаулыларының бар екендігіне көз жеткізген кезде, жүйеде тұрақтылық пайда болады.
Сондықтан, Парламенттің рөлін арттыру керек...
Жергілікті Маслихаттын да ролін арттырып, депутаттарға кәсіби түрде жұмыс атқаруға мүмкіндік берген дұрыс.
Маслихаттың төрағасы функциясын енгізу маңызды.

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 11:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30