Диктатор директорлар мен завучтардың заңсыз жұмыстарын не заңдастырыңыз, не тоқтатыңыз

03 маусым 2022, 09:16

Мектеп директоры , завучтар штатпен жұмыс істейді. Яғни, аптасына 40 академиялық сағатпен.40 сағатқа жалақы алады. Бірақ , сол 40 сағатқа қосымша 8 сағат тағы жүктеме сағат алады
Яғни, 40 сағат завучтығымен немесе директорлығымен қатар 8 сағат бала оқытады. Еңбек кодексінде "48 сағат" деген жұмыс қарастырылмаған. Оның үстіне оқушыға сабақ беретін уақытты 40 сағаттың уақытында жүргізеді. Бір уақытқа екі жалақы алады. Бір уақытта екі жұмыс істеу мүмкін бе?
Бірде бір заңда завучтардың немесе директорлардың сағат алуы туралы жазылмаған. Сонда қалай олар жүктеме сағат алып жүр?Сонымен бірге ешқандай заңда директорлар мен завучтарға қосымша сағат беру туралы айтылмаған.
Бұл заңсыздық.
Тағы бір мәселе. сайлау мәселесі. 40 сағаттың ішіне 8 сағатты қосып, 48 сағаттың жалақысын алып, 40 сағат жұмыс істеп жүрген бұл басшылар, сол 40 сағаттың ішіне сайлау жұмыстарын да қосады. Оған да жалақы алады.

Бұл да заңсыздық. Бұлардың 40 сағаттары созылмалы резина уақыт па?

Askhat Aimagambetov мырза! Диктатор директорлар мен завучтардың заңсыз жұмыстарын не заңдастырыңыз, не тоқтатыңыз. Заңның алдында бәріміз бірдейміз.
Айтпақшы, сайлаудың жұмысын қашан істеп жүр бұлар?

Aiman Sagidulla 

Фейсбуктегі парақшасынан