Сен тұр - мен айтайын!

Димаш туралы бықсыған әңгіме көбейіп кетті.

  • Димаш туралы бықсыған әңгіме көбейіп кетті.

    Димаш туралы бықсыған әңгіме көбейіп кетті.

Димаш туралы бықсыған әңгіме көбейіп кетті. Ерінбегеннің бәрі айтып қалып жатыр. Құдды бір сол балаға әлемдік даңқты өздері алып бергендей...

Кейбір журналшы бауырларымыз да білдірмегенсіп отты көсеп-көсеп қояды.

Анау жылы баланың баритон даусынан хабары жоқ біреулері "сенің айғайлаған әйел дауысың ұнамайды" деп болашағына балта шаппақ болған. Енді міне, көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап, елді дүрліктіріп, Димаштан "сауға" сұрап жүр. Әңгімелерінің еш қисыны жоқ. Аяулысының жанында айфонын шұқылап отырып, саясат соғатындарын қайтерсің?!

"Халықаралық дауды неге шешіп бермейді" деп көкитіндері көкейге қонбайды. Негізі, қазақ пен қытай арасындағы сияқты күрделі де күрмеулі мәселелерге атақ-дәреже емес, авторитеттер ғана жөн айта алады. Мысалы, сонау жылы Мәскеудегі үлкен театрда шешен жанкештілері жүздеген адамды кепілге ұстағаны есімізде. Сонда ешкімнің батылы бармаған ажалдың аранына КСРО халық әртісі Йосиф Кобзон барды. Соңынан Й.Кобзон марқұм Алла Пугачеваға: "Сен неге осынша беделіңмен қоғамдағы проблемаларға араласып, өз пікіріңді айтпайсың" деп ренжіп сөйлегені бар. Айтпақшы, ондай деңгейдегі адамдар Қазақстанда да жетерлік қой. Мысалы, КСРО халық әртісі Б.Төлегенова, ҚР Халық әртісі Р.Рымбаева апайларыңның халықаралық беделі Димаштан төмен бе?

Осындай ардақты, талантты, беделді апа, ағаларыңа сын сағатта "ұлт үшін маңызды бір мәселені қолдасаңыз" деуге болмас па?!

Жоқ, атағынан ат үркетін, абырой-дәулетін атан түйе көтере алмайтын ағалары үкіметте, парламентте отырған бәзбіреулер ауыл-үйдің қой төбетінше үріп, Димаштай жас бөрінің балтырынан бір тістеп қалуға барын салып жатыр...

Кеше қолдамағандар бүгін қорлауға бар. Қорқаулық емей, немене?!

Кеше қазақты Бораттар кемсіткенде, осы жатыпатарлардың біреуі сөз тауып ақтай алуға жарап па едің?!

Сол қазақтың қандай ақсүйек, дарынды ұлт екендігін күллі дүниеге мойындатып, алты құрлықтың ер-қатынына бас идіртіп, көз жасын көл еткен Димаш сынды оғланды мың қазақтың орнына қимас едім. Әрі-беріден соң Қытайдың өзінде туып өскен, ол жердегі қандастардың проблемасын да, Қытай саясатын да бір кісідей жақсы білетін атағы жер жарған өнер, спорт тарландары да жетерлік қой! Әлде олардан сұрауға болмай ма?


Фейсбуктегі парақшасынан

Қысқасы, көңілде түйткіл болған осы сауалдардың жауабын таба алмадым...

Бұ қазақтың тілі аузыңа сыймаған "көп пысығын" жөнге салар бір ақылман кісі жоқ па арамызда...

Ау, ағайын, әділет қайда?! 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.01.2019, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30