Димаштың халқы мәдениетсіз болуға тиіс емес қой

27 қыркүйек 2022, 13:16

«Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деуші еді ғой Абай. Димаштай әншінің концертінен кейін стадионда қалған қоқысты көріп, көңілім нілдей бұзылды
Димаштың халқы мәдениетсіз болуға тиіс емес қой. Білем, бірді-екілі ақымақ әр жерде бар, бірақ анау болмады.
Алдында Айбаршын концертке волонтер болып көмектескісі келетінін айтқан. Таңертең алтыда тұрып, 7-8 сабақтан соң, үйге түстен кейін үште бір жететін болған соң, шаршайсың деп қарсы болған едім.
Шашылған қоқысты көргенде түрім бұзылғанын көріп: «Міне, волонтер осы үшін керек болатын» дегенде, үнсіз төмен қарап қалдым. 

facebook.com парақшасынан