Сен тұр - мен айтайын!

Диванда мыжырайып жатқан әкесін көрмей өссін деп жыртыласың …

  • Диванда мыжырайып жатқан әкесін көрмей өссін деп жыртыласың …

    Диванда мыжырайып жатқан әкесін көрмей өссін деп жыртыласың …

Жұмыссыз болған кезімді есіме түсірсем, шошып селк етемін. Айлап жұмыс жоқ. Барасың - собеседование, резюме, “мы вам перезвоним” деген құбылыстар. Еш нәтиже жоқ.
Білімің, мамандығың, аз-маз өнерің ешкімге керек жоқ. Бойдақ болғанда аса қиналмайсың. Жауапкершілік те аз дегендей. Үйленгенде қиын екен. Санасы жоқ адам аңғармас, бірақ таңертең оянғанда әйеліңнің көзіне қарауға ұят екен. Тамыр-таныс та бетіңе айтпаса да, іштей “Самат үйде отыр” деп пыш-пыш ететін. Қайын жұрт та намыстан күйіп бара жатқанын арқаңмен сезесің. Курстас, класстас жігіттермен кездесіп қалсаң: “Қайдасың қазір?” деген зымиян сұраққа дайын болу керексің. Өтірік-шындығын араластырып бірдеңе дейсің. Қиын. Бастан өтті.
Жеке кәсіпкерлер түсінбес, бірақ мекемелік қызметтегілер түсінер. Таңертең кетіп, кешке келіп үйренген адам үшін алғашқы апта рахат әкелуі мүмкін. Бірақ екінші аптадан бастап, бір уайым ішті қырнай бастайды екен. Ойлап қарасам, жұмыссыздықтың басты философиясы, “қоғамға керек болмауың”. Сол ой егер санаңа кіріп, “мен ешкімге керек жоқпын” деген түсінік басыңа тұрақтаса, айналадағы қызықтан ляззат кетеді екен.
Бүгінгі күні жұмыстан ляззат алмасам да, бір шүкіршілік бар. “Керекпін”, “Адамдардың көзіне тік қарай аламын”, “Менің пікірім біреуге қызық” деген арқа қоздыратын сезімдер қан жүгіртеді. Баланың мектебіне барсаң да, “Мансұрдың жұмыссыз әкесі” емес, “Мансұрдың әкесі мемлекеттік жұмыста істейді” деп шікірейіп барасың. Бала да “Әкем пәлембай жерде істейді” деп қысылмай айта алады. Диванда мыжырайып жатқан әкесін көрмей өссін деп жыртыласың …
Ойлап қарасаң, өмір деген жанталас. Кәдімгідей джунгли, саваннадай …

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2457    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 01:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31