Сен тұр - мен айтайын!

Дінді де махаббат сияқты жауыр торыға айналдырып алғанымыз рас қой

  • Дінді де махаббат сияқты жауыр торыға айналдырып алғанымыз рас қой

    Дінді де махаббат сияқты жауыр торыға айналдырып алғанымыз рас қой

Вацап арқылы Әмина Құрманғалиқызы деген апайдың видеожазбасы келіпті. Бұл апайдың айтқандарының оразаға қатысты тұстарынан басқасының барлығы менің де ойымда жүрген, ойландырып жүрген жайттар. Толығымен қостаймын. Басқалар не десе де өз таным-түсінігімен екшейді ғой. Бірақ, шынында да, біз дінді де, махаббат сияқты, жауыр торыға айналдырып алғанымыз да рас қой. Біз ұрпағымызды ең алдымен қазақы, ұлттық рухта, өз салт-дәстүрлерімізбен тәрбиелеуге тиіспіз. Өйткені, сол дінде айтылатын тыю-теткулер өз халқымыздың тәлім-тәрбиесінде ежелден бар, болған да. Кезіндегі орыс қысымынан әлі құтыла алмай отырғанда, енді өз еркімізбен арабы "ахалтеке" ұрпақты өсіріп жатырмыз. Соны ұғар, ізденер сана оянбай жатыр. Тәуелсіздіктің тізгіні қолға тиген тұстан есінен танып қалған қазаққа қайткенде нан тауып жеу басты ұстанымға айналып, рухани дүниені тәрк етіп, сол үрдістен саналылықпен қол үзе алмай келеміз. Себептер де баршылық: бірі және ең бастысы - ата-ананың отбасында беретін тәрбиесінің кемшілігі болса, екіншісі - технократтық дәуір келіп, ақпараттық технологияның қоғам өміріне дендеп еніп кетуі деп білемін.
Тарқата берсек, сетінеген тоқыманың жібі құсап тарқатыла, сетіней бермек. Тоқ етері, әркімнің санасында кіммін, кім боламын және кім болғызам деген сауал жату керек.
Менің қызым исламтанушылықты оқып жатыр. Оқуға түскенде мен оған мынадай талап қойдым: дінді таны, тарихын біл, зайырлы білім ал, шыққан тегіңнің, ұлтыңның кім екенін жадыңда ұста! Осы айтқандарымның үдесінен шықпай, арабы киіммен оранып-шымқанып келер болсаң, есікті сыртынан жабасың дедім. Бәлкім, артықтау айттым. Бірақ, мақсатым - қызым қазақтың қайсар қыздарының қатарынан орын алсын болды. Мұнымды жұрт қостар-қостамас, алайда әр қазақ осындай талапшыл болса, кейбір сормаңдайлар Сирияға тентіремес еді. Әзірге осы.

Бейбит Мекеев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2965    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31