Сен тұр - мен айтайын!

Дінді өз қалауымызға қақпақылдап алдық ә?

  • Дінді өз қалауымызға қақпақылдап алдық ә?

    Дінді өз қалауымызға қақпақылдап алдық ә?

Дінді өз қалауымызға қақпақылдап алдық ә?.. Кешегі кластастар бас қосқан кафеміз сақалдылар жиылатын жер екен. Кіл сақалы кеуде жапқан жас жігіттер. Еш таңданбадық та, мән бермедік. Көзіміз үйренген, бәлкім, өзгенің таңдауына тұмсық тықпаудан ба екен, отырғандар анау айтты елемедік. Шындап келгенде, кафеде отырғандарда әр түсінік болғанмен, бәріміз бір - ислам діні бойынша сүннәт болған ауызашарға жиналып отырғанымыз шындық. Басқосу аяғына жақындағанда кездескен сәтті таспалай қояйын деген оймен, тұсымнан өтіп бара жатқан сақалды жігітке фотоға түсіруін өтіндім. "Біз түсірмейміз!" деп, өтіп кетті. Таңырқап қалдым. Қасымдағылар олар фотоға түспейтінін ескертті. Бұған дейін білмегеніме таңырқап, қоя салдым. Ол жайтты қасымдағылар тақырыпқа айналдырып жатпады. Бірнеше жастар орындарынан тұрып жатты. Қарасам, ешқайсында сақал жоқ екен. Өтінішіме үріп ауызға салғандай қыз бірден келісе кетті. Айтқым келгені, осындағы бүгінгі жазбалар арасында Тәңіршілдікке тіл тигізген жазба бар екен. Ол үшін бөліскен жанмен сәл "тіл қатысып" та алдым. Сәждеге басым жыққан мұсылман ретінде өзге дінді тілдегенге қарсымын. Тәңіршілдікті "Кітабы жоқ, дін емес" деген қағида қалыпқа еніп те үлгерді. Дін - бетіндегі мұзы пышақтың жүзіндей ғана тұңғиық әлем деп қабылдаймын. Сәл мүлт кетсең, тұңғиыққа тартылып кетесің. Ол үшін тек дінмен ғана сусындау аз. Бастысы - өзгенің нанымын жоққа шығарып, сенімінен айырмай, өз иманыңды дінге серік етсең ғана шын мұсылман болғаның. Қанымда түрктің рухы ағып жатқандықтан, сан ғасырлар бабаларым сиынған Тәңірге тіл тигізгенге жаным ауырады. Ең қызығы, тіл тигізіп жатқандар өзін "түрктің ұрпағымын' дегеніне таң қаламын. Бол... Бірақ, сол бабалар сенген... Құдай-ау, тіптен сіздерше айтқанда "дін" де болмай-ақ қойсыншы, бірақ - сан миллиондаған түрктер табынған Нанымды жоққа таңардай не көрінді?.. Тәңіршілік - Исламға дейінгі дін. Сіздерше "жоқ дін" болғанымен, дәуір басындағы түрктерге - Дін болған, өздеріне ғажап наным. Пайғамбардың с.ғ.с. өзге дін мен дәстүрге құрметпен қарауды сүннет еткенде, бүгінгі діндарлардың өзгенің дінін басып-көктеуін еш түсінбеймін? Ол кезең, Тәңіршілдік дәуірі өтті-кетті!.. Иә, бүгінде Тәңіршілдікті асыра сілтегісі келетін шолақ белсенділердің бары да рас! Олар да жоғарыда айтқандарымның қатарынан. Тәңіршілдік дәуірін - Ислам алмастырды. Сегізінші ғасырдан бері мұсылманбыз. Жеті атамыз мұсылман боп үлгерді. Сондықтан, жеті атаның дінін аттап, өзге дінге ойысқанды да түсінбеймін. Анасынан мұсылман боп туған соң, қанша жерден сенімін ауыстырса да, туған кезде құлағына шақырған азан - алпыс екі тамырында қалып қояды деп ойлаймын. Тым ақылсынды демеңіздер, жәй... Өтіп кеткен дінге тіл тигізбестен - өз ислам дініміздің ғажайыптығын парасатпен биіктете білгенге не жетсін, шіркін?!.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2291    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.05.2021, 12:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30