Сен тұр - мен айтайын!

Діни ұйымдар әртіс пен спортшыларды жайғап болып, құқық қорғау органдарына көшті

  • Діни ұйымдар әртіс пен спортшыларды жайғап болып, құқық қорғау органдарына көшті

    Діни ұйымдар әртіс пен спортшыларды жайғап болып, құқық қорғау органдарына көшті

Мұхамеджан Тазабек дегеннің күштік құрылым қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінен бірнеше ой түйіндеуге болады.


1. Діни ағымдар, әбден күш алғаны сонша, ашықтан-ашық саясатқа араласа бастады. Биліктегі ауыспалы кезеңді пайдаланып қалғысы келетін сыңайлы. Тіпті алдағы парламенттік сайлау алдында саяси партия ашып алса да таң қалмаймын. Оған олардың күш-қайраты да, қаражаты да жетеді. Оның арты неге алып келерін менсіз де болжап отырған боларсыздар.


2. Діни ұйымдар әртіс пен спортшыларды жайғап болып, хұқық қорғау органдарына ықпал етуге көшті. Билікті қорғап қалатын да, төңкеріп аудара салатын да бірден-бір күш - армия мен полиция екенін олар да жақсы түсінеді. Бізден ақымақ емес.


3. Биліктің дін адамдарын әкеліп күштік құрылымдарға уағыз оқуға рұқсат беруі бұл органдарда да елдегі қалыптасқан ахуалға риза емес топтардың көбейіп келе жатқанын көрсетсе керек. Демек полиция мен армияда божырау бар.


4. Тазабектің бұл сөздері - полиция мен армияны халыққа қарсы айдап салу. Ашық конфронтацияға шақыру. Наразыларды басып-жаныштауға үгіттеу. Бұл жерде де олардың өз ойлағаны бар. Халық пен полиция арасында қақтығыс бола қалған жағдайда, кім жеңіске жетсе де, діни ағымдардың ұпайы түгел. Билік наразыларды күштеп басса, ең алдымен сол биліктің өзінің абыройы құлайды. Халық наразылығы одан бетер арта түседі. Бұл аксиома. Ал егерде ереуілге шыққандар жеңген болса, онда діни ағымдар үшін билікке тікелей жол ашылады.


5. Дін уағызшылары әзірге биліктің сөзін сөйлеп, солардың сойылын соққан болып жүр. Оның да өз есебі мен логикасы бар. Кімде күш болса, соған жақтасу керек. Соның шашбауын көтерген жөн. Сенікі дұрыс, сен данышпансың деп көпшік тастап қойып отыру керек. Тіпті заңсыз әрекеттерін де қолпаштап қойған артық болмайды. Сөйтіп билікті әбден азғырып, өз халқына қарсы айдап салуға болады. Екінші жағынан жәбірленгендерді бауырға басып, басынан сипап өз қатарларын көбейтуге де мүмкіндік туады. Ал ертең билік әлсіреп жатса, ал халық наразылығы өскен болса, көр де тұр, сол діни ағымдар алдымен қол бастап шығады. Осыны билік неге түсінбейтініне таңым бар.


Мұхтар Түменбайдың


facebook парақшасынан


 





Көрілген: 2787    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.10.2019, 15:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31